«Сауап» орталығының өкілі Олайа әз-Захири мен Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы қызметкерлерінің кездсуі өтті

«Сауап» орталығының өкілі Олайа әз-Захири мен Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы қызметкерлерінің кездсуі өтті

4 қазанда «Сауап» орталығының өкілі Олайа аз-Захири А.П Әбуовпен және Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында «Сауап» орталығының қызметі туралы презентация өткізілді. Ұйымның негізгі мақсаты ДАИШ идеяларына қарсы күрес және Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадан келген шетелдік жауынгерлердің ағылуын тоқтату болып табылады.

«Сауап» орталығының қызметі туралы әңгіме барысында, Олая Аз-Захири экстремизм мен лаңкестікке қарсы тұру саласындағы сарапшылардың арасында ақпарат алмасудың және тікелей байланыстар орнатудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу саласындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу туралы пікір алмасты.


.
Яндекс.Метрика