Дін істері комитетінің төрағасымен кездесу

Дін істері комитетінің төрағасымен кездесу

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Еркін Оңғарбаев Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының (МДХО) қызметкерлерімен кездесіп, жұмыс тәртібінде жиын өткізді.

Жиынға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің кеңесшісі Арсений Дүйсенов те қатысты. Кездесу барысында МДХО директоры А.Әбуов орталықтың 2008-2017 жылдар аралығында атқарған жұмысымен таныстырып, соңғы жылдары жарық көрген әдістемелік құралдар мен ғылыми еңбектерді ұсынды.

Өз кезегінде Е.Оңғарбаев дін саласының стратегиялық маңызын айта келе, елдің болашағы мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуде мемлекеттік саясатты халыққа жеткізуде аянбай еңбек ету керектігіне тоқталды.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің кеңесшісі А.Дүйсенов Діни қызмет және діни бірлестіктермен қарым-қатынас бойынша аймақтық уәкілетті органдардың жұмыстарын жандандыру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру үшін жаңа идеялық ізденістер ұсыну мәселесіне назар аударды. Орталық ұжымымен кездесу нәтижесінде орталық директоры А.Әбуов басшылық тарапынан қойылған барлық міндеттерді орындауға орталықтың әлеуеті бар екенін жеткізді. 


.
Яндекс.Метрика