Орталық қызметкерлері Астана қаласындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттеріне дәріс өткізді

Бүгін Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы Ақпараттық жұмыс бөлімінің басшысы Есенова Д.Б., Дінаралық сұхбат бөлімінің басшысы Иманкулов А.Е., және осы бөлімнің бас сарапшысы Алимкулова С.Б., Ақпараттық жұмыс бөлімінің аға сарапшысы Утемисов А.Т., және тағылымдамадан өтуші Қожахметов Д.С. қатысуымен Астана қаласындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттеріне дәріс өткізді. Жиын барысында студенттерге Орталықтың негізгі мақсаттары, қызметі мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі туралы, зайырлылық қағидасы және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу туралы айтылды. Сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы дәстүрлі емес діни ағым туралы бейне ролик көрсетілді.

Жиын қорытындысы бойынша студенттердің қатысуымен ақпаратты алу және оны тарату бойынша тренинг өткізілді. Жиын соңында арнайы дайындалған брошюралар таратылып, сауалнама жүргізілді. 

.
Яндекс.Метрика