Орталық қызметкерлері Астана қаласындағы «Астана медициналық университеті» АҚ студенттеріне дәріс өткізді

Орталық қызметкерлері Астана қаласындағы «Астана медициналық университеті» АҚ студенттеріне дәріс өткізді

Бүгін Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы Талдау жұмысы бөлімінің басшысы Баймаханов Б.К., Ақпараттық жұмыс бөлімінің басшысы Есенова Д.Б., Дінаралық сұхбат бөлімінің басшысы Иманкулов А.Е., Ақпараттық жұмыс бөлімінің аға сарапшысы Утемисов А.Т., және тағылымдамадан өтуші Қожахметов Д.С. қатысуымен Астана қаласындағы «Астана медициналық университеті» АҚ студенттеріне дәріс өткізді. Жиын барысында студенттерге Орталықтың негізгі мақсаттары, қызметі мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі туралы, зайырлылық қағидасы және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу туралы айтылды. Сонымен қатар, студенттердің қатысуымен ақпаратты алу және оны тарату бойынша тренинг өткізілді. Жиын соңында арнайы дайындалған брошюралар таратылып, сауалнама жүргізілді.


.
Яндекс.Метрика