Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығы Рождество Христова мерекесімен құттықтайды!

Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығы Рождество Христова мерекесімен құттықтайды!

Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығы Православие шіркеуінің сенушілерін жарқын мереке - Рождество Христова мерекесімен шын жүректен құттықтайды!

Рождество рухани бастаманың жеңісі, шығармашылық пен шабыт көзі болып табылады. Бұл ұлы мереке адамдарды жоғары ойлар мен ұмтылыстарда біріктіреді.

Православие шіркеуі біздің мемлекетіміздің қоғамдық өміріне белсене қатысады, дінаралық диалогты алға жылжытуға, жастарды патриотизм рухында тәрбиелеуге және қоғамдағы моральдық-этикалық мұраттар мен отбасылық құндылықтарды нығайтуға көмектеседі. Біз сіздің жұмысыңызды жоғары бағалаймыз және терең ризашылығымызды білдіреміз.

Қазақстанның жерінде бейбітшілік пен келісім әрдайым үстем болсын.


.
Яндекс.Метрика