ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ VI СЪЕЗІНІҢ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ ЕҚЫҰ ШЕҢБЕРІНДЕ ҰСЫНЫЛДЫ

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ VI СЪЕЗІНІҢ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ ЕҚЫҰ ШЕҢБЕРІНДЕ ҰСЫНЫЛДЫ

10-11 қазанда Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткен VI Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінің қорытындылары дін негізіндегі төзімділік пен кемсітпеушілік мәселелеріне арналған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Тұрақты кеңесінің отырысы барысында ұсынылды.

Вена қаласындағы Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбай елімізде үйлесімді дінаралық қатынастар қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстанның жемісті моделінің негізгі компоненттерін атап өтті және бейбітшілік пен қауіпсіздікті ілгерілету бойынша Қазақстанның жаһандық күш-жігеріне ерекше көңіл аударды.

ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесі барша адамзаттың гүлденуі жолында жасампаз ынтымақтастыққа шақыратын VI Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Декларациясының мазмұнымен таныстырылды. Декларацияның толық мәтіні ЕҚЫҰ мүше мемлекеттері арасында таратылды.

Қазақстандық дипломат Өркениетаралық және дінаралық диалогты дамыту бойынша Орталықты құру арқылы өркениетаралық және дінаралық диалогты дамытудың бірегей жаһандық платформасын іске қосу бойынша Президент Н. Назарбаевтың бастамасы туралы ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесі отырысының қатысушыларына баяндап берді.

ЕҚЫҰ мүше мемлекеттерінің бірқатар делегациялары VI Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қорытындыларын атап өтіп, өзара сыйластық атмосферасында түрлі діндердің тату және бейбіт өмір сүруін ілгерілету жөнінде Қазақстанның күш-жігері үшін ризашылығын білдірді.

VI Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезіне қатысу шеңберінде ЕҚЫҰ Бас хатшысы Томас Гремингер оның жұмысына өзінің үлесін қосты және Елбасы тарапынан қабылданды.


.
Яндекс.Метрика