Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығының директоры А.Абуов «KAICIID» Бас хатшысы Фейсал бин Абдулрахман бин Муааммармен кездесу өткізді

Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығының директоры А.Абуов «KAICIID» Бас хатшысы Фейсал бин Абдулрахман бин Муааммармен кездесу өткізді

Кездесу аясында Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығымен Король Абдалла бен Әбдел Әзиз атындағы Дінаралық және мәдениетаралық сұхбат бойынша халықаралық орталығы (KAICIID) арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандум дінаралық далог пен келісімді ілгерілету саласында ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ақпарат алмасу, зерттеу тәжірибесі, сондай-ақ консультациялар мен бірлескен іс-шараларды жүйелі түрде орнатуға мүмкіндік береді.

Король Абдалла бен Әбдел Әзиз атындағы Дінаралық және мәдениетаралық сұхбат бойынша халықаралық орталығы Австрия, Испания, Сауд Арабиясы Корольдігі үкімет басшыларының қатысуымен 2011 жылы 13 қазан айында Венада құрылған.

KAICIID - өзара түсіністік пен ынтымақтастықты арттыру мақсатында қақтығыстарды алдын алу және оларды шешу үшін жаһандық деңгейде диалогты қолдануға жәрдемдесуші үкіметаралық ұйым болып табылады.


.
Яндекс.Метрика