Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының жұмыс тобының отырысы өтті

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының жұмыс тобының отырысы өтті
8 қазан Астанада Съезд Хатшылығының XVIII отырысы қарсаңында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының жұмыс тобының отырысы болды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, Съезі Хатшылығы Басшысының орынбасары Ержан Ашықбаев және Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму вице-министрі, Съездің мақсаттары мен міндеттерін алға ілгерлету бойынша уәкілетті Берік Арынның төрағалығымен өткен отырыста, ағымдағы жылдың 9 қазанында өтетін Съезд Хатшылығының XVIII отырысының күн тәртібін талқылады.
Отырыс қатысушылары Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VI съезінің күн тәртібі, ІІІ Діни лидерлердің кеңесінің құрамы мен күн тәртібіне қатысты пікір алмасты. Атап айтқанда, съездің секциялық отырыстарының модераторлары мен баяндамашылары анықталды, Қорытынды құжаттың жобасы – дәстүрлі рухани форум Декларациясы келісілді. Сонымен қатар жұмыс тобының мүшелері Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің өтетін орынымен уақытын талқылады.
2018 жылдың 10-11 қазанында Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VI Съезі «Дін лидерлері қауіпсіз әлем үшін» тақырыбымен өтетінін еске саламыз.

.
Яндекс.Метрика