Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметкерлері мен білім алушыларына Орталық директоры А. Әбуов дәріс оқыды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметкерлері мен білім алушыларына Орталық директоры А. Әбуов дәріс оқыды.

Ағымдағы жылдың 4 маусым күні Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Абуов Айдар Парқұлұлы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметкерлері мен білім алушыларына «Діни экстремизм мен терроризм идеяларының таралуын алдын алу, деструктивті діни ағымдарының жағымсыз әсерлері» тақырыбында баяндама оқыды.

Орталық директоры дәріс барысында дін саласындағы мемлекеттік саясат жайында, Республиканың діни ахуалы сонымен қатар, діни экстремизім мен терроризмнің алдын-алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы және деструктивті діни ағымдардың теріс пиғылдары жайлы мәселелерге егжей-тегжей тоқталып, ауқымды баяндама жасады.

Кездесу соңында тындармандар тарапынан қойылған өзекті сұрақтарға толыққанды жауап беріліп, іс-шараны ұйымдастырушылары өз алғыстарын білдірді .


.
Яндекс.Метрика