Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі діннің рөлі талқыланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі діннің рөлі талқыланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі діннің рөлі талқыланды

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы бірлесіп «Руханият пен адамгершілік сыбайлас жемқорлыққа жаппай төзбеушілікті қалыптастыруда» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның мақсаты - діни бірлестіктер мен мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі күш-жігерін біріктіру болып табылады.

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Еркін Оңғарбаев шара барысында баяндама жасап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы тиімді құрал - адамды ұлттық құндылықтары арқылы тәрбиелеу болып табылатынын  және қоғам үшін  адалдық, әділеттілік сияқты моральдық қағидалар бәріне ортақ екенін атап өтті.

«Әрбір әлемдік және дәстүрлі діндерде адам өмірін реттейтін, оның этикалық нормаларын көрсететін сенушілерге арналған түрлі қағидалар бар», - деп атап өтті Е.Оңғарбаев.

Е.Оңғарбаевтың айтуынша, ислам діні түбегейлі жемқорлыққа қарсы. Құранда және хадистерде көптеген моральдық ілімдер бар, онда  әрбір мұсылманның және барлық мұсылман үмбетінің жемқорлыққа қарсы әрекет етіп, қоғамда жемқорлықтың алдын-алуы керектігі көрсетілген. Мәселен, Библия кітабында әділдік жолын ұстану үшін  бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық әрекетіне жататын пара алу мен пара беруге тыйым салынғаны жазылған.

Іс-шараға діни конфессиялардың басшылары, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар мен түрлі ұйымдардың басшылары қатысты.


.
Яндекс.Метрика