Діни бірлестіктер өкілдері «Конфессияаралық келісім аллеясында» ағаш отырғызды

Діни бірлестіктер өкілдері «Конфессияаралық келісім аллеясында» ағаш отырғызды

2018 жылғы 25 сәуір күні ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Астана қаласы әкімдігі және Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан халқының бірлігі - елдің басты байлығы» тақырыбында «Конфессияаралық келісім аллеясында» ағаш отырғызылды.
Іс-шара Қазақстан халқының бірлігі күніне, сондай-ақ қаланы көгалдандыру мен жаңарту идеясын қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Еліміздің этникалық және діни саналуандығы мемлекетіміздің, сонымен қатар қоғамның көпвекторлы дамуының негізі, ал толеранттылық және бейбітшілік, әрбір қазақстандық таңдайтын бірліктің бейнесіне айналды.
Жиынға Дін істері комитетінің төрағасы Е.А. Оңғарбаев, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры А.П Әбуов, Астана қаласының қоғамдық даму істері басқармасы  сондай-ақ діни бірлестіктердің, атап айтқанда Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы, Қазақстандағы православ шіркеуі, Қазақстандағы Рим-Католик шіркеуі, Еврей қауымы, Евангельдік-лютеран шіркеуі, Евангельдік христиан-баптистер шіркеулері Одағы, «Жетінші күн адвентистері» шіркеуі, Новоапостол шіркеуі, Пресвитериан шіркеуі, Кришна Санасы Қоғамы, Бахаи Қауымдастығы, Иса Мәсіхтің соңғы замандағы әулиелері шіркеуі және Қазақстан діни бірлестіктері Қауымдастығының басшылары мен өкілдері қатысты.
Аталған акция екінші рет өткізіліп жатқандығын атап өткен жөн. 2017 жылы мемлекеттік мекемелер мен діни бірлестіктердің басшылары «Конфессияаралық келісім аллеясында» дәл осылай ағаш отырғызды.

.
Яндекс.Метрика