Ақпараттық жұмыс бөлімі

БАҚ-қа мониторинг бөлімі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Қазіргі таңда бөлімде 5 ғылыми қызметкер қызмет атқарады, оның 2 дінтану магистрі, 1 мәдениеттану магистрі. 

Бөлімнің негізгі міндеттері:

Бөлімнің негізгі міндеттері дін саласындағы оқиғалар мен конфессияаралық қатынастар туралы ақпараттарды жариялайтын қазақстандық және шетелдік БАҚ-қа мониторинг жүргізу;

- мемлекеттік-конфессиялық және қоғамдық-конфессиялық қатынастардың дамуына талдау жасау;

- діни сенім бостандығы құқығы саласындағы және діни бірлестіктермен байланыс саласындағы мемлекет саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Жүктелген тапсырмаларға сәйкес Бөлім келесідей қызметтерді жүзеге асырады:

- талдау жасау және тәжірибелік ұсыныстар әзірлеу мақсатында елдегі және шетелдегі діни ахуалға жүйелі және үздіксіз түрде мониторинг жүргізеді;

- Комитеттің пен Орталық жетекшілері қатысатын іс-шараларға материалдар дайындайды;

- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін ұйымдастыру және өткізу жұмыстары бойынша мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестік орнатады;

- Орталық құзыреті шеңберіндегі дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференцияларды ұйымдастыру мен өткізу жұмыстарына қатысады;

- Орталық туралы материалдарды, конференция, форум жинақтарын дайындайды және басып шығарады.

Бөлім Орталық өткізетін түрлі іс-шаралардың, сондай-ақ дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар, форумдардың ұйымдастырушылық-дайындық жұмыстарына белсенді қатысады.

Бөлім қызметкерлері 2015 жылдың 10-11 маусымында Астана қаласында өткен Астана дінаралық V саммиттің дайындық жасау және өткізу жұмыстарына белсенді қатысты. 

тел: 7(7172) 42-09-68
E-mail:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

.
Яндекс.Метрика