Халықаралық ынтымақтастық бөлімі

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының құрамдас бөлігі болып табылады.

Қазіргі таңда бөлімде 5 ғылыми қызметкер жұмыс жасайды, оның 3 – магистр.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

1) Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съездерін және Съезд институттары мен Хатшылығының, оның Жұмыс Тобының іс-шараларын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

2) Съезаралық кезеңде Съездің мақсаты мен міндеттерін ілгерілету;

3) уәкілетті мемлекеттік органның жұмысын әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету.

Бөлім жұмысының негізгі бағыттарының бірі Орталықтың дінаралық және конфессияаралық үнқатысу мен толеранттылықты негізге алатын халықаралық ұйымдармен өзара байланыс орнатуды қамтамасыз ету болып табылады.

Бөлімнің қызметкерлері жүйелі түрде әлемдік дінаралық сұхбаттасу алаңдарын зерттеп және олардың қызметін талдайды.

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі өз міндеттерін жүзеге асыру барысында халықаралық деңгейде қазақстандық ұлтаралық және кофессияаралық келісім үлгісін таратуға өз үлесін қосуда.

Бөлім қызметкерлері 2015 жылы 10-11 маусымда Астана қаласында өткен V Астаналық дінаралық саммиттің ұйымдастырылуы мен өткізілу шарасына белсенді түрде қатысты.

тел: 7(7172) 42-09-68

E-mail:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

.
Яндекс.Метрика