Дінаралық сұхбаттасуды дамыту бөлімі

Конфессияаралық қатынастар бөлімі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министріліі Дін істері комитеті Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының құрамдас бөлігі болып табылады. 

Қазіргі уақытта бөлімде 6 ғылыми қызметкер жұмыс істейді. Олардың ішінде 1 заң ғылымдарының кандидаты, 1 дінтану магистрі. 

Бөлім қызметі келесідей негізгі міндеттерді атқаруға бағытталған:

1) Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін, Хатшылығы мен Жұмыс тобының отырыстарын ұйымдастыру мен өткізуге қатысу;

2) Конфессияаралық келісім мен Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы Қазақстан Республикасының бірегей тәжірибесін халықаралық деңгейде насихаттау;

3) конфессияаралық келісімі, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл және діни сенім бостандығы азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

Сонымен қатар, бөлім жұмысының ең маңызды бағыттарының бірі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі бастамаларын жүзеге асыруға ықпал ету және отандық, шетелдік діни ұйымдар мен рухани көшбасшылардың ынтымақтастығын қамтамасыз ету болып табылады.

Бөлім қызметкерлері III-V Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің дайындық жұмысына, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің 10 жылдық мерейтойының аясында өткен «Өркениет сұхбаттастығындағы Астана дінаралық саммитінің рөлі» атты ғылыми-практикалық конференциясына белсенді қатысты.

тел: 7(7172) 42-09-68

E-mail:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

.
Яндекс.Метрика