Талдау жұмысы бөлімі

Талдау жұмысы бөлімі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Қазіргі таңда бөлімде 6 ғылыми қызметкер-мамандар дінтану, теология, философия, тарих, мәдениет салаларында жұмыс атқарады. Олардың ішінде: 2 дінтану магистрі, 1 халықаралық құқық магистрі және 1 аймақтану магистрі. 

Бөлім қызметі келесідей негізгі міндеттерді  орындауға бағытталған:

- сараптамалық жазбахаттарды дайындау;

- дінтану саласында өзекті мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жасау;

- практикалық ұсыныстарды енгізу үшін Қазақстанның мемлекеттік органдары және азаматтық қоғам институттарымен  бірге халықаралық мәдениет және діндер орталықтарымен сындарлы ынтымақтастықты қамтамасыз ету.

Орталыққа жүктелген міндеттемелерді орындау мақсатында талдау жұмысы бөлімі келесі қызметтерді жүзеге асырады:

- конфессиялардың дамуы мен қалыптасу тарихын зерттеу;

- мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың сұранысы бойынша арнайы ақпараттық-баспа басылымдары, жинақтары арқылы ғылыми-зерттеулермен қамтамасыз ету;

- әлеуметтік зерттеулерді өткізуді қамтамасыз ету;

- курс тыңдаушыларына оқу-танымдық және арнайы консультациялар, тренингтер, курстар семинарлар ұйымдастыру;

- діни жағдай мәселелері бойынша  ғылыми мақалалар, баяндамалар дайындауды жүзеге асыру.

Талдау жұмысы  және сараптама бөлімі  Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезін өткізу мен дайындау іс-шараларына қатысты.

тел: 7 7172 42-18-79

E-mail:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

.
Яндекс.Метрика