ҚР ДІАҚМ ДІК Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы жанынан құрылған БАҚ-та діни тақырыпты жариялау бойынша Әдістемелік Кеңестің ІІ отырысы өтті

ҚР ДІАҚМ ДІК Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы жанынан құрылған БАҚ-та діни тақырыпты жариялау бойынша Әдістемелік Кеңестің ІІ отырысы өтті

ҚР ДІАҚМ ДІК Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы жанынан құрылған БАҚ-та діни тақырыпты жариялау бойынша Әдістемелік Кеңестің ІІ отырысы өтті

Астана қаласында ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы жанындағы БАҚ-та діни тақырыпты жариялау бойынша Әдістемелік кеңестің ІІ отырысы өткізілді.

Аталған отырысқа Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті мен Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы, Ғылыми зерттеру және талдау орталығы өкілдері, «Е-islam» ақпараттық танымдық сайтының бас редакторы, «Kazdream Technologies» ЖШС- компаниясының жоба менеджері, «Нұр Астана» орталық мешітінің Ummet.kz порталының журналистері, Астана қ. Қасиетті-Успен кафедралдық соборының диаконы және «Хикмет» студиясының директоры қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде:

  1. 2017 жылы БАҚ-да дін мәселелері жөнінде жарық көрген жарияланымдарды қортындылау.
  2. .Дін саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттық сүйемелдеу бойынша 2018 жылға арналған ұсыныстар қаралды.

               Отырыс барысында Әдістемелік кеңес мүшелері мен сарапшы мамандар Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017–2020 жылдарға арналған Тұжырымдаманың БАҚ беттерінде үлкен талқыға түсіп, қарқынды жариялануы нәтижесінде, халық арасында оң көзқарас қалыптасқандығы жайлы сөз қозғады.  

               Іс-шара барысында көпшіліктің көңілін алаңдатып жүрген «Діни қызмет және діни бірлестік туралы» Заңға енгізілген толықтырулар мен өзертулер төңірегінде бірқатар мәселелер ортаға салынып, қоғам айнасына айналған ақпарат құралдарының бұл тақырыпты объективті, дұрыс жариялауы өткір қойылып отырған мәселені шешудің бір жолы екендігі жөнінде сөз болды.

Күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша Әдістемелік кеңес мүшелері ойларын ортаға салып, пікіралмасу түрінде өткен отырыста тағлымды ойлар мен пайымды пікірлер айтылды.

 


.
Яндекс.Метрика