2017 жылдың 5-ші желтоқсанында Астана қаласы əкімдігінің ұйымдастыруымен Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес өтті

2017 жылдың 5-ші желтоқсанында Астана қаласы əкімдігінің ұйымдастыруымен Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес өтті

Астана қаласы əкімдігінің ұйымдастыруымен Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес өтті.

Кеңес отырысына Астана қ. әкімінің орынбасары Е. Аманшаев, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры А. Абуов, Дін істер басқармасының басшысы Д. Есин, сонымен қатар діни бірлестіктер өкілдері қатысты

Күн тәртібінде 4 негізгі мәселе талқыланды:

  1. Қазақстан Республикасының дін саласындағы 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік саясат тұжырымдамасы;
  2. Астана қ. Дін істері жөніндегі басқармасының діни бірлестіктер мен конфессияаралық келісім шеңберінде атқарған жұмыстары мен қызметі;
  3. Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің 2018 жылға арналған Жоспарының жобасы;
  4. Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің 2018 жылғы құрамының жобасы.

Отырыс барысында жоғарыда аталған мәселелер бойынша Кеңес қатысушылары ой-пікірлерін білдірді:

Дін істері комитетінің өкілі М. Қарабаева Қазақстан Республикасының дін саласындағы 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік саясат тұжырымдамасының негізгі заңнамалық актілерін түсіндіріп, заң жобасының маңызды тұстарын атап өтті.

Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры А. Абуов зайырлылық мәселесінің принциптерін дұрыс түсінудің маңыздылығын атап, Қазақстан Республикасының дін саласындағы 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік саясат тұжырымдамасы Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» жолдауына сай екендігін көрсетті.

Сөз соңында, Астана қ. әкімінің орынбасары Е. Аманшаев Кеңес отырысының мүшелері мен қатысушыларына алғысын білдіріп, Кеңестің дінаралық диалогқа, бейбітшілік пен келісімге қосып жатқан үлесінің маңыздылығын айтып сөзін қорытындылады.

 

 

 


.
Яндекс.Метрика