Жастарды деструктивті идеологиядан қалай қорғауға болады?

Жастарды деструктивті идеологиядан қалай қорғауға болады?

Жастарды деструктивті идеологиядан қалай қорғауға болады?

Бүгін Астанада «Жастарды рухани-адамгершілік тәрбиелеудегі және радикалдық діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастырудағы әйелдер ұйымдарының рөлі» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. 

Аталған шара Қазақстан Республикасында 2013-2017 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ұйымдастыруымен өткізіліп отыр.  

Конференцияның мақсаты – қоғамда радикалды діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру үшін әйелдер және жастардан құралған үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер арасында жүйелі және тиімді өзара іс-қимыл орнату болып табылады.

         Конференция жұмысына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың,  әйелдер мен жастар ұйымдарының,  жоғарғы оқу орындарының өкілдері, жалпы саны 100-ден астам  қатысты.

Шара барысында сөз сөйлеген ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің вице-министрі Берік Арын Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында діни экстремизмнің таралуын алдын алу жөнінде жұмыстар жүргізуге үкіметтік емес сектордың белсенді қатысуы жөнінде  нұсқау бергенін атап айтты.   

Қазіргі уақытта Қазақстанда жастардың саны 4 млн-ды құрайды. Яғни бұл елімізде әрбір төртінші тұрғын жастар санатына жатады деген сөз. Осыған орай, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі өз жұмысын жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу саласы бойынша мемлекет пен қоғамның даму үдерістеріне белсене араласуға бағыттайды.

 Конференция барысында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және Отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Тарасенко Елена, танымал қоғам қайраткері Лушникова Надежда баяндама жасады. Олар мемлекеттің зайырлы принциптерін нығайту және теріс радикалды діни ағымдарға нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында қазақстандық патриотизм идеяларын кеңінен тарату қажеттігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар қабылданды. Атап айтқанда  әйелдер мен жастар арасында, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша мемлекет тарапынан тиімді әлеуметтік зерттеулер жүргізілу ескере отырылып, профилактикалық іс-шараларды өткізу жоспарлануда. Бұдан бөлек, әйелдер мен жастардың үкіметтік емес ұымдарының практикалық жұмысы үшін әдістемелік материалдар жинағы шығарылатын болады.


.
Яндекс.Метрика