Астана қ. ЭКСПО-2017 көрмесінде Қасиетті Тақтың Ұлттық күні іс-шарасы қатысушыларына жолданған Рим Папасы Францисктің құттықтау сөзі

Астана қ. ЭКСПО-2017 көрмесінде Қасиетті Тақтың Ұлттық күні іс-шарасы қатысушыларына жолданған Рим Папасы Францисктің құттықтау сөзі

Жоғары мәртебелі менің

епископ бауырларым,

Құрметті мемлекеттік қызмет өкілдері,

Қымбатты аға-әпкелерім,

 

Мен, Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі шеңберінде өтіп жатқан Қасиетті Тақтың Ұлттық күніне қатысушы барлық адамдарға, сонымен қатар осы шараның сәтті өтуіне ат салысқан барша адамдарға және көрермендерге алғысымды білдіремін.

Мен «Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған халықаралық көрменің Қазақстанда өтіп жатқанына қуаныштымын. Біздің ортақ мұратымыз болып табылатын энергиялық ресурстарды тиімді пайдалану үшін, адамзат алдағы жылдары инновациялық технологияларды тиімді падалануға үлкен жауапкершілікпен қарауымыз қажет. Біздің бұл ресурстарды қолдануымыз әлем үшін, өмірі сүріп отырған орта үшін маңызды болып табылатынын барлығымыз түсінеміз. Бұл игіліктер эканомикалық өркендеудің немесе тұтынудың үлкен әлеуеті ретінде ғана емес, санымен қатар, бәрін қамтитын түсініктер ретінде қарастырылуы тиіс. Біз, қазіргі таңда энергияның қолданылуын өз өмірімізді жақсарту мақсатында және де ортақ мекеніміздің өркендеуі үшін, пайдалануымыз қажет. Себебі біздің табиғатымыз жемісті қарым-қатынасқа, ынтымақтастыққа және махаббатқа бейім.

Сондықтан энергетикалық ресурстар жөнсіз қаржы операцияларының объектісі немесе қақтығыс көзі болмауы тиіс. Бұл барлық деңгейлерде және біздің қоғамның түрлі секторлары арасында кең және ашық диалогті талап етеді. «Болашақ энергиясын» зерттеу техникалық мамандар мен инвесторларға ғана қатысты емес; бұл әлемдік мәдениеттер, саясат, білім және діндер үшін ортақ.

Мен Қазақстанда, этикалық мәдени және рухани дәстүрлерге бай елде, діндер арасындағы диалогпен ынтымақтастықтың өсуі орын алғанын қуанышпен атап өткім келеді. Мен барлық діндер осы диалогка қатысады деп үміттенемін, себебі олардың жазбалары «барлық дәуірлерге мәнді, жаңа көкжиектерді ашуға ынта беретін күші бар идеяларға толы... Біздің санамыз қабыл алатын этикалық принціптер, үнемі әртүрлі кеңістікте пайда болуы мүмкін, әр түрлі тілдерде, оның ішінде діни тілде де өз көрінісін табуы мүмкін» («Laudato si», 199). Діни дәстүрлерде қарым-қатынастарымызды жақсартуға және барлығымыз бірге аға мен қарындас ретінде өмір сүруге септігін тигізетін бейімділік, шабыт пен өлшемді ашып көрсету барлығымыз үшін маңызды.

Біздің энергетикалық ресурстарды қалай пайдаланатынымыз көптеген діни дәстүрлерге сәйкес, Жаратушы иеміздің бізге жүктеген тапсырмасын қаншалықты жақсы орындағанамыздың көрінісі болып табылады, атап айтар болсақ,  қоршаған ортаны қорғау, әлем бойынша баруырларымызға қамқорлық таныту т.с.с. Егер біздің ұрпағымыз және энергияны  қолданыуымыз тұрақты әрі ынтымақтастыққа негізделген болса, онда біз өз мақсатымызға жеттік деген сөз. Ал басқаша болған жағдайда, өз міндетімізді атқара алмаған болар едік. Таразы басында біздің абыройымыз, әділеттілік пен бейбітшілік тұр. Осыны санаға жеткізу мақсатында Қасиетті Тақ өзінің павильонын Астанадағы ЭКСПО көрмесінде: «Ортақ игілікке бағытталған қуат: ортақ үйіміздің қамын ойлауда» тақырыбына арнады.

Жаратушы Құдай ЭКСПО- 2017 көрмесі арқылы күллі адамзатқа ой сала отырып, ортақ еңбегіміздің жүзеге асуын жарылқасын.

 

Ватикан, 2017 жыл, 2 қыркүйек

Франциск

 


.
Яндекс.Метрика