«Конфессияаралық келісім аллеясы»атты ағаш отырғызу іс-шарасы өткізілді

«Конфессияаралық келісім аллеясы»атты ағаш отырғызу іс-шарасы өткізілді

2017 жылдың 13 мамырында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Мәдениеттер мен діндердің халықралық орталығы Астана қаласының рухани көшбасшыларының қатысуымен тұңғыш президент саябағында  қалалық «Астана ең таза қала» акциясы аясында «Конфессияаралық келісім аллеясы»атты ағаш отырғызу іс-шарасы өткізді.

Біз тұрып жатқан Астана қаласы әрдайым таза және әдемі болуы керек. Кез-келген адам елорданың сыртқы бейнесін әдемі қылуға және дамуына өз үлесін қоса алады. Осыған орай, аталған акцияның мақсаты әр адамның қоғамға қосар үлесінің маңыздылығын көрсетіп, насихаттау болып табылады.

Еліміздің этникалық және діни саналуандығы мемлекетіміздің, сонымен қатар қоғамның көпвекторлы дамуының негізі, ал толеранттылық және бейбітшілік, әрбір қазақстандық таңдайтын бірліктің бейнесіне айналды.

Мемлекеттік органдардың басшылары, дін өкілдері, түрлі конфессиялар мен қала тұрғындары өз қаласына көмектесуүшін күштерін біріктіреді. БізАстананыжақсы көріп, бірлескен әрекеттермен оны одан жақсы қыла аламыз. Сондықтан, өз үлесін қосуға деген ынта әрбір қала тұрғынына жетуі тиіс.

Іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Аманшаев Ермек Әмірханұлы, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Абуов Айдар Паркұлұлы, Астана қаласы мәслихатының депутаты Шекенов Мирас Ерғалиұлы және «Әзірет Сұлтан» мешіті, «Нұр Астана» мешіті, Орыс православ шіркеуі, Астана қаласының Евангельді-лютеран шіркеуі, «Вефиль» киелі евангельді христиан шіркеуі, Қазақстан діни бірлестіктер ассоциациясы директорының орынбасары, Пресветериан шіркеуі, «Толық евангелие» христиандық елуіншілер шіркеуінің рухани көшбасшылары қатысты.


.
Яндекс.Метрика