«ТУҒАН ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ» САРАПТАМАЛЫҚ ТАЛДАУЫ

«ТУҒАН ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ» САРАПТАМАЛЫҚ ТАЛДАУЫ

2017 жылдың 27 сәуірінде ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен «Туған жер» бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері» атты сараптамалық талдау өтті.

Отырыс барысында Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рұхани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған «Туған жер» жобасы талқыланды. Кездесудің модераторы, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының кеңесшісі Әбдіғалиұлы Берік, «Туған жер» бағдарламасының өз уақтылығы мен өзектілігіне назар аударды, өйткені осы арқылы Қазақстанның қалаларымен қатар ауылдарының да әлеуетін арттыру қарастырылған. Спикердің пікірінше, бұл үшін әрбір ауданда және ауылда осы аймақтың тарихы мен мәдениетін танымал етуге және насихаттауға бағытталған өлкетану мұражайларын ашу қажет. 

Сарапталық талдау барысында жобаны жүзеге асырудың аспектілері мен тетіктері, және де оның Қазақстанның рұхани жаңғыруына ықпалы қарастырылды. Пікіралмасу барысында ҚР Президенті жанындағы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Нұрлан Ерімбетов Комиссияның бірінші отырысының қорытындыларын баяндай келе, оның мүшелерінің кәсібилігі мен өкілділігіне жоғарғы баға берді. Сонымен қатар Н. Ерімбетов «Туған жер» жобасының қажеттілігін атап өтіп, оның жүзеге асуы Қазақстанның әрбір азаматының жеке жауапкершілігіне де қатысты екендігіне тоқталды.

Талқылауға «Астана» халықаралық зерттеу орталығының Саяси, әлеуметтік және тарихи зерттеулер институтының директоры Камал Бурханов, «Жастар» ҒЗО директоры Талғат Қалиев, Халықаралық мәдениет және діндер орталығының директоры Айдар Әбуов, Мемлекет тарихы институтының, «Нұр Отан» саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының, «Қоғамдық келісім» РММ, Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеттінің өкілдері қатысты.


.
Яндекс.Метрика