Қазақстан діни бірлестіктер өкілдерінің Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау аясындағы кездесуі

Қазақстан діни бірлестіктер өкілдерінің Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау аясындағы кездесуі

2017 жылдың 27 сәуір Мәдениеттер мен діндер халықаралық орталығында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы бастамаларды жүзеге асырудағы Қазақстан діни бірлестіктерінің рөлі» тақырыбында Қазақстан діни бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Мәдениеттер мен діндер халықаралық орталығының директоры Әбуов Айдар Парқұлұлы мемлекетіміз дамудың жаңа деңгейіне өткенін, Елбасының мақаласы ұлт біртұтастығын, руханият, жаһанданық бәсекелестік идеясын көрсететінін тілге тиек ете келе, отырысты ашық деп жариялады.

Өз кезегінде, діни бірлестік өкілдері адамгершілік пен рухани құндылықтарға негізделген қазақтың дәстүрлі құндылықтарын насихаттау қажеттілігі жөнінде өз ойларын ортаға салды.

Жиынға қатысушылар мемлекеттің даму барысында ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтап қалу маңыздылығын алға тартып, сондай-ақ, Қазақстан халқына тән ашықтық пен төзімділік және ұлттық дүниетанымы әлемдегі қиындықтарды жеңіп, бәсекелестікке сай мемлекет болып қалыптасуына негіз болатынын айтты.

Сонымен қатар дөңгелек үстел қатысушылары қазіргі заман талабы ретінде қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу тақырыбын қозғады. Қатысушылар, бұл озық технологиялар қазіргі заманғы ақпараттық кеңістікте жаңа білімге көп мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

Іс-шара мүшелері Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын болашаққа бастайтын айқын жол, деп пікір білдірді. Өз тарапынан, діни ұйымдардың өкілдері Қазақстан әлемде дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатында рухани мұраттарын нығайту, қоғамдағы келісім, әлеуметтік тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтауға үлес қосуға дайын екендіктерін білдірді.

 


.
Яндекс.Метрика