Нүкежанов Ержан Дін істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Нүкежанов Ержан Дін істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Ержан Болатқанұлы Нүкежанов Дін істері комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Ержан Болатканұлы Нүкежанов 1981 жылы Алматы қаласында туылған. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін аяқтап, тарихшы, тарих мұғалімі; тарих магистрі біліктілігін алған.

Е.Б. Нүкежанов 2002 жылы еңбек жолын «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы» ЖАҚ ақпараттық-талдамалық қызметінің редактор-жүргізушісі болып бастаған. 2004 жылы Қазіргі Халықаралық заманауи саясат институтын ақпараттық-талдамалық бөлімінің күнтізбелік өнімдер тобын басқарған, 2005 жылы «Хабар» агенттігі» АҚ Ақпараттық бағдарламалар дирекциясы аналитикалық бөлімнің жетекші маманы лауазымына тағайындалған.

2005 жылғы маусымнан бастап 2007 жылғы наурызға дейін «Нұр Отан» республикалық саяси партиясы» ҚМ орталық аппаратында қызмет атқарған. 2007-2009 ж.ж. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде басшылық лауазымдарға тағайындалған.

2009 жылғы қарашадан 2016 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінде сарапшы, консультант және 4 жыл бойы сектор меңгерушісі ретінде жұмыс істеген. 2016 жылғы маусым айында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2018 жылдың 15 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы қызметінде еңбек етті.


.
Яндекс.Метрика