Астанада Азаматтық форум өтті

Астанада Азаматтық форум өтті

Астанада 27 қараша күні Азаматтық форум өтті, іс-шараның мақсаты азаматтық сектордың, мемлекеттік органдардың, бизнес-құрылымдардың, халықаралық ұйымдардың және сарапшылар қауымдастығының ашық диалогын дамыту болып табылады.

Іс-шараның ашылу салтанатында ҚР Қоғамдық  даму министрі Дархан Кәлетаев сөз сөйледі.

«Азаматтық форум екі жылда бір рет өткізіледі, бірақ аталған форумға 2005 жылдан бері Мемлекет басшысы қатыспаған болатын. Бұл жолы Президент қатысуға ниет білдіріп отыр, ал ертең біз Елбасымен сұхбаттасуға мүмкіндік аламыз. Форум бүгінгі таңда үлкен маңызға ие – біз алдағы уақытта қалай дамуды  талқыға саламыз», - деді Д.Калетаев өзінің құттықтау сөзінде. 

Министр Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтық қоғамның дамуына үлкен мән беріп отырғандығын атап өтті.

Форумға қатысушылар алдында министр: «Сіздер білесіздер, қазір Үкімет бұл бағытта үлкен жұмыстар атқарып келеді. Бізге азаматтық қоғамнан келіп түсетін ұсыныстар өте маңызды. Менің ойымша, бұл екі күн тек елдің азаматтық қоғамын біріктіріп қана қоймай, сонымен бірге қатысушылар  бірлесіп іске асыруға болатын ұсынымдарын ортаға салады.  Осы арқылы біз барша еліміздің,сондай-ақ халқымыздың күтіп отырған реформаларына қол жеткізуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті.


.
Яндекс.Метрика