2018 жылғы 23 қарашада «Қазақстан» орталық концерт залыңда Қазақстан дінтанушыларының «Қазақстандық қоғамның рухани қауіпсіздігі: тәжірибесі мен болашағы» атты кезекті VIII форумы өтті.

2018 жылғы 23 қарашада «Қазақстан» орталық концерт залыңда Қазақстан дінтанушыларының «Қазақстандық қоғамның рухани қауіпсіздігі: тәжірибесі мен болашағы» атты кезекті VIII форумы өтті.

Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму вице-министрі Б.Арын, «Форум азаматтық қоғам институттарының ауқымды өкілдігі мен беделді дінтанушылар мен теологтардың, педагогикалық қоғамдастықтың азаматтық борышы - діни саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруға қолдау көрсету және ықпал ету, девальвацияға және моральдық-адамгершілік негіздерін жоюға қарсы тұрудағы біздің мемлекет пен қоғамның өзекті әрі стратегиялық мудделері қалыптасатын маңызды сұхбат алаңы болып табылады» - деп атап өтті.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ғ. Шойкин, Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры О.Жалаири, мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері, белгілі Қазақстандық дінтанушы ғалымдар, ҮЕҰ мен діни бірлестіктердің басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Форумның мазмұнды бөлігі екі секциядан тұрды: «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы қазақстан дінтанушыларының рөлі» және «Қазақстан Республикасындағы діни сенім бостандығының жағдайы туралы». Форум барысында Қазақстандағы діни ахуалға, діни экстремизмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру, Қазақстандық исламтану мектебінің қалыптасуы және тағы басқа көптеген негізгі мәселелер талқыланды

Форум қорытындысы бойынша Қазақстанның алдыңғы қатарлы дінтанушыларын марапаттау рәсімі өтіп, тұжырымдамалық ұсынымдар қабылданды, сондай-ақ алғаш рет «Қазақстан Республикасындағы діни сенім бостандығының жағдайы туралы» баяндама таныстырылды.

  Атап өту қажет, Қазақстан дінтанушыларының форумы отандық ғалымдарды, дін саласында жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдар өкілдерін интеграциялау үшін тұрақты жұмыс істейтін тиімді пікірталас алаңы ретінде еліміздің игілігі үшін өзінің лайықты үлесін қосып келеді.


.
Яндекс.Метрика