Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығының мамандары «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдарға байланысты мәселелерді БАҚ-та жариялау ерекшеліктері» атты семинар-тренингіне қатысты

Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығының мамандары «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдарға байланысты мәселелерді БАҚ-та жариялау ерекшеліктері» атты семинар-тренингіне қатысты

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығымен бірлесіп 2018 жылғы 22 қарашада «Діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу бойынша, сондай-ақ мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын ңығайту жөніндегі  жұмыстарға тартылатын мамандардың біліктілігін арттыру: Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдарға байланысты мәселелерді БАҚ-та жариялау ерекшеліктері» атты семинар-тренинг өткізді.

 

Семинар-тренингтің мақсаты - журналистерді және БАҚ өкілдерін діни экстремизмнің алдын алудағы БАҚ қызметінің тиімділігін арттыру бағытындағы жаңа трендтер және әдістермен таныстыру, деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың БАҚ-пен өзара іс-қимылын жақсарту.

Семинар-тренинг үш сессиядан бойынша жүргізілді: «Замануи шетелдік және отандық БАҚ-тағы террорист бейнесі», «Діни экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастырудағы журналистиканың рөлі», «Практикум. БАҚ-та террористік көріністерге қатысты оқиғаларды ақпараттандыру».

Дәріскерлер қатарында белгілі және беделді спикерлер сөз сөйледі –Терроризмге қарсы орталығы штаб  басшысының бірінші орынбасары Швейкин С., ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті төрағасының орынбасары Мырзаев Б., ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетті төрағасының орынбасары  Комиссаров М., ҚР Қоғамдық даму министрлігі Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығының директоры А.Абдирасилқызы, ҚР ҰҚК Академиясының терроризмге қарсы дайындық орталығының қызметкері, сарапшы-саясаттанушы Иржанов Р., Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Решетняк А. және басқалар.

Аталған іс-шара үлкен тәжірибелік әсер беруге бағытталған, себебі қатысушылар дін саласындағы өзекті мәселелерді жариялау бойынша өз құзіреттілігі мен кәсіби білімін шыңдар, діни экстремизмнің алдын алу бойынша ақпарат берудегі жаңа форматтармен жұмыс істеу дағдыларына ие болды. Сонлай ақ, террористік қауіп-қатерлерге байланысты дағдарыс жағдайларында орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың БАҚ-пен өзара іс-қимылын жақсарту мәселелері талқыланды.


.
Яндекс.Метрика