«Ресей-Ислам әлемі» атты стратегиялық көзқарас Тобының кездесуі Дагестан Республикасында өтті

«Ресей-Ислам әлемі» атты стратегиялық көзқарас Тобының кездесуі Дагестан Республикасында өтті

2018 жылғы 10-13 қараша аралығында Махачкала қаласында (Дағыстан Республикасы) Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығының директоры А.П.Әбуовтың қатысуымен «Ресей-Ислам әлемі» атты стратегиялық көзқарас Тобының кездесуі өтуде.

Кездесу барысында террористік қауіп-қатерлер мен қауіпсіздік сын-тегеуіріндерінің артуы аясында жастарға білім беру арқылы осы қауіп-қатерлерге қарсы тұру мүмкіндіктері, Ресей мен мұсылман мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқылануда. Сонымен қатар кездесу барысында жастар саясаты саласындағы ортақ жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша нақты ұсыныстарды талқылауға баса назар аударылды.

А.П. Әбуов өз баяндамасында «Қазақстанда әртүрлі діндер мен конфессия өкілдерінің бірлік пен ынтымақтастықта қатар өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалған. Біздің еліміздегі конфессияаралық қатынастар өзге елдерге үлгі боларлықтай болып қалыптасқан. Жалпы айтқанда дін қоғам мен мемлекет дамуының қажетті және оң факторы болып табылады», - деп мәлімдеді.


.
Яндекс.Метрика