Мәдениет және діндер халықаралық орталығының директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор А.П. Әбуов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында жастарға дәріс оқыды.

Мәдениет және діндер халықаралық орталығының директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор А.П. Әбуов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында жастарға дәріс оқыды.

Алғаш рет, Тұңғыш Президент кітапханасына Ақмола экономика, технология және стандарттау, сондай-ақ Қазтұтынуодағының сауда-экономикалық колледждерінің оқушылары келді. Екі күн бойы жастар «Рухани жаңғыру: болашаққа жол» бағдарламасы бойынша дәрістер тыңдады, кітапхананың экспозициялары және көрмелерімен танысты.

         Жастарға арналған семинардың құрметті қонағы – Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығының директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор А.П. Әбуов. Профессор жастарға халықаралық кеңістіктегі, әсіресе конфессияаралық үнқатысуды қалыптастырудағы Қазақстанның маңыздылығы туралы айтып берді. Күрделі терминдерді қолданбай, діни экстремизм проблемаларын зерттеуші балаларға ұзаққа созылған қақтығыстардың мәнін, олардың адамзаттың дамуына тигізетін кері ықпалын түсіндірді. Айдар Әбуов –Қазақстандағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін ұйымдастырушылардың бірі, Катардағы, Тегерандағы және Нью-Йорктегі дінаралық диалог бойынша халықаралық форумдардың белсенді қатысушысы.

         Семинар-тренингтің марапаттау рәсімінде Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова қатысушыларды құттықтап, сертификаттар табыстап, елорда жастарына сәттілік тіледі.


.
Яндекс.Метрика