Рухани келісім күніне орай Астанада ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Рухани келісім күніне орай Астанада ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Бүгін Астанада Рухани келісім күніне орайластырылған «Қазақстандық жол: сұхбаттастықтан рухани келісімге» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекетіміздің тәуелсіздігінің қалыптасуының алғашқы жылдарынан бастау алған бұл мереке, бүгінде татуласу жолын іздеу, адамдар арасында өзара түсіністік орнату, мейірімділік пен өз жақындарына көмек көрсету күні ретінде жыл сайын атап өтіледі.
Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің Төрағасының м.а. Қ.Қ.Жанаханов атаулы мерекемен конференция қатысушыларын құттықтай келе «Қазақстандық тәжірибе – сындарлы диалог пен түсіністік діни және этникалық алуандылық ұлттық байлық ретінде қабылданатын демократиялық мемлекеттің нақты алаңы бола алады. Қазақстанда 130-дан астам этникалық топ пен 18 конфессияның өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп, 3700-ден астам діни бірлестік өз қызметін жалғастыруда», деп мәлімдеді.
Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығының директоры А.П.Абуов өз сөзінде «Астанада бірнеше күн бұрын Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезі өтті. Қазақстанның тәжірибесі сындарлы диалог пен өзара түсіністік адамдардың рухани бірлігін нығайтуға арналған алаң бола алатынын дәлелдейді. Мемлекеттіліктің қалыптасу тарихы осы мерекенің пайда болуының терең рухани тамыры бар екенін көрсетеді. Бүгінде «Рухани келісім күні» қазақстандықтарды дәстүрлі моральдық құндылықтар арқылы біріктіріп, қазақстандық қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылық үшін толеранттылық пен рухани келісім идеяларын насихаттайды.»
Қазақстан діни бірлестіктер өкілдері бейбітшілік пен келісім – көздің қарашығындай сақтап, арттыра түсетін біздің басты құндылығымыз деп атап өтті.
Сондықтан республикамызда тұратын адамдардың бірлігімен байланысты көп мерекелер бар екені кездейсоқтық емес. Оның бірі – Рухани келісім күні.
Осы дәстүр 26 жыл бұрын 1992 жылы қазан айында өткен Дүниежүзілік рухани келісім конгресінің алғашқы сессиясынан бастау алады.
Ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары мен Қазақстан діни бірлестіктерінің өкілдері, ғылыми-сарапшылық қауымдастық және мәдениетаралық және конфессияаралық диалогты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

.
Яндекс.Метрика