Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығының директоры А.Әбуов Санкт-Петербург қ. Мемлекеттік діндер тарихы мұражайының директоры Л.А.Мусиенко және директор орынбасары Е.А.Терюковамен кездесу өткізді

Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығының директоры А.Әбуов Санкт-Петербург қ. Мемлекеттік діндер тарихы мұражайының директоры Л.А.Мусиенко және директор орынбасары Е.А.Терюковамен кездесу өткізді

Кездесу барысында әлемдік діни ахуалды зерттеудегі екі жақты ынтымақтастық, сонымен қатар дін саласындағы өзекті сұрақтар бойынша жобаларға бірлесе қатысу мәселелері талқыланды. Сұхбат аясында Л.А.Мусиенко Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің сұхбат алаңының бірегейлігі мен тиімділігін, сондай-ақ дінаралық келісімінің қазақстандық үлгісін ерекше атады.

Орталық директоры А.Әбуов Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі аясында Мәдениет және діндер халықаралық орталығын құру Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы екендігін атап өтті. Орталықтың қызметі халықаралық деңгейде Қазақстан Республикасының дінаралық сұхбат және конфессияаралық келісімді нығайтудағы бірегей тәжірибесін насихаттауға, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін, Съезд Хатшылығын және Жұмыс тобының отырыстарын ұйымдастыруға және өткізуге бағытталған. Сонымен қатар, дін саласындағы мемлекеттік-конфессияаралық қатынастар және дінаралық диалог мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдарды ғылыми-әдістемелік құралмен қамтамасыз ету.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар дін саласындағы өзекті мәселелерді зерделеудегі ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара қызығушылықтарын танытты.


.
Яндекс.Метрика