Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI Съезі өз жұмысын аяқтады

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI Съезі өз жұмысын аяқтады

Съезд қорытындысы бойынша қабылданған Декларацияда форум қатысушылары ұзақ мерзімді тұрақтылыққа қол жеткізу және өшпенділік пен төзімсіздіктен туындаған күштеп жасалатын әрекеттердің алдын алу жөнінде күш-жігер қосуға әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларын барынша тартуға әзір екендіктерін жеткізді.

Форум қатысушылары экстремистер мен террористер тарапынан қысым мен күш көрсетуге тап болған барлық діни топтар мен этнос бірлестіктеріне ниеттес екендіктерін, сондай-ақ, босқындар мен олардың құқықтары мен абыройын қорғауға бағытталған күш-жігерді қолдайтындарын білдірді.

Қорытынды құжат әлемдік БАҚ өкілдерін терроризм мен дінді теңдестіруден бас тартуға үндейді. Декларацияда бейбітшіліктің құндылығын, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілер мен қоғамдық жиындарда өзара түсіністік пен сыйластықты ілгерілету, сондай-ақ барлық діндердің құлшылық жасау орындары мен киелі жерлерінде арандатушылық пен зорлықты болдырмауға күш салуға үндеуі қамтылады.

Съезд делегаттары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің бейбітшілік пен келісім жолындағы жаһандық өзара әрекеттесу үдерісіне қосқан қомақты үлесін мойындау ретінде «Н.Назарбаев атындағы конфессияаралық және өркениетаралық диалог орталығын» құру бастамасын қолдады.

Декларацияда келесі форумның өтетін мерзімі белгіленді. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезін 2021 жылы Астанада өткізу туралы шешім қабылданды.

Форум аясында өткізілген шара барысында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің 15 жылдығына орай арнайы шығарылған марканың таныстырылымы өтті.


.
Яндекс.Метрика