Бүгін Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығы мен Толеранттылық пен бейбітшілік жөніндегі Жаһандық кеңесі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Бүгін Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығы мен Толеранттылық пен бейбітшілік жөніндегі Жаһандық кеңесі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығының директоры А.Абуов Толеранттылық пен бейбітшілік жөніндегі Жаһандық кеңес Пезиденті Ахмед Мұхаммед әл-Джаруанмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында дінаралық диалог саласындағы екіжақты ынтымақтастық туралы мәселелер талқыланды. Толеранттылық пен бейбітшілік жөніндегі Жаһандық кеңес 2017 жылдың 2 қарашасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Халық қоныстандыру Қоры (ЮНФПА), Мальта үкіметі және Ғаламдық Кеңестің мүшелері қатысуымен Мальтада құрылған.

Төзімділік пен бейбітшілік жөніндегі Жаһандық кеңес өз жұмысында толеранттылық пен бейбітшілік мәдениетін нығайтуға, кемсітушілікке қарсы тұруға және бейбітшілікке төзімділік принциптерін нығайтуға бағытталған халықаралық құқық нормаларын жетілдіруге ұмтылады.


.
Яндекс.Метрика