26 тамызда Астана қаласы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионда Қазақстандағы діни бірлестіктер өкілдерінің Жиыны шеңберінде ұйымдастырылған спартакиада өтті.

    Іс-шара Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналып «Спорттық денсаулық - күшті ел» ұранымен айшықталды.
  Аталған іс-шараға ҚР ҚДМ Қоғамдық келісім комитетінің өкілдері, тіркелген діни бірлестіктерінің өкілдері мен көшбасшылары, сондай-ақ Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының, Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының, Астана қаласының Қоғамдық даму жөніндегі басқармасының қызметкерлері қатысты.
   Спартакиада келесідей спорт түрлері бойынша ұйымдастырылды: жүгіру - 2000 м. (ерлер үшін) және 1000 м (әйелдер үшін), орнынан ұзындыққа секіру, тартылу, граната лақтыру, арқада жатып кеудесін көтеру.
    Спорттық іс-шараның нәтижесі бойынша дипломдар мен ынталандыру сыйлықтары берілді.

.
Яндекс.Метрика