2018 жылы 29 маусымда Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында діни бірлестіктер өкілдері Жиынының «Астана - бейбітшілік пен келісімнің рухани орталығы» тақырыбында кездесуі өтті

Іс-шараға Қазақстан Республикасы діни бірлестіктерінің жетекшілері мен өкілдері, Қазақстан Республикасы ДІАҚМ Дін істері комитеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты және Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы қатысты.

Дін істері комитеті төрағасы Е.А.Оңғарбаев өз сөзінде «6 шілде Елорда күні - Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі. Биыл Астананың елорда мәртебесін алғанына 20 жыл толып отыр. Бұл мереке әлеуметтік-саяси маңызға ие және шын мәнінде Қазақстан халқы үшін жалпыхалықтық болып табылады. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жүргізіп отырған сыртқы саясатымен тұрақты қамқорлығы арқасында Астана - Қазақстанның мемлекеттілігінің және жас мемлекеттің Тәуелсіздік шежіресі бөлімінің ең жарқын басты символы, заманауи брендіне айналды», деп елорданың жетістіктерінің маңыздылығы туралы баяндады.

«Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Асқар Мұқанов өз сөзінде: «Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету тәжірибесі, сондай-ақ біздің еліміздің және оның Президентінің халықаралық беделі Астанада мәдениеттер мен әлемдік діндер диалогын ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Астана - бейбітшілік пен келісімнің тоғысқан жері және бейбіт келіссөздер мен әлемдік діндер диалогы алаңы», деп мәлімдеді.

Астана киелі округінің өкілі Дмитрий Байдек Қазақстан халқын құттықтай отырып: «Астана – дінаралық диалог мекені. Биыл күзде Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілері Астананың рухани саммитінде алтыншы рет кездеспек. Қазақстан халқы бүкіл әлемге өзінің бірлігі, толеранттылығы, діни төзімділігін көрсетті. Астана жарқын болашаққа нақты қадам жасады. Бұл қала елімізді жаңа жетістіктерге шабыттандырып, жұдырықтай біріктіріп, ілгері бастауда», деп жылы лебізін білдірді.

Қазақстан діни бірлестіктерінің өкілдері Астананың халықаралық диалог алаңы ретінде ерекше маңызға ие болғанын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша діни бірлестіктер өкілдері Қазақстан халқын Астана күнімен құттықтап, ыстық ықыластарын білдірді.


.
Яндекс.Метрика