Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен ынтымақтастық келісімшартына қол қойылды

Бүгін Мәденитеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры А.Әбуов ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты РМҚК директоры т.ғ.д., профессор Зиябек Ермұханұлы Кабульдиновпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы арасында бірлескен жобаларды жүзеге асыру, ғылыми-тәжірибелік конференцияларды, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру және өткізу, Тараптардың қызметінің түрлі қырлары бойынша ҚР қолданыстағы заңнамаларына кайшы келмейтін ақпараттық және кеңес беру көмегін көрсету сияқты іскерлік қарым-қатынаста жұмыс істеуге келісті.

Сонымен қатар тараптар Қазақстандағы діндер тарихы бойынша ғылыми –зерттеулік жұмыстар жүргізіп, зерттеулер аясында ғылыми әдістемелік құралдар әзірленетін болады. Сонымен бірге, тараптар бірлескен баспа жобаларына қатысу туралы келісімге келді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бұдан әрі қызмет аясында ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделілік танытып, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.


.
Яндекс.Метрика