21 мамыр Төзімділік пен бейбітшілік жөніндегі Жаһандық Кеңес президенті Ахмет Мұхаммед әл-Жаваранмен кездесу өтті.

21 мамыр Төзімділік пен бейбітшілік жөніндегі Жаһандық Кеңес президенті Ахмет Мұхаммед әл-Жаваранмен кездесу өтті.

   Бүгін Мәденитеттер мен діндердің халықаралық орталығының ұжымы директор А.Әбуовтың бастамасымен Төзімділік пен бейбітшілік жөніндегі Жаһандық Кеңес президенті Ахмет Мұхаммед әл-Жаваранмен кездесу өткізді.
   Кездесу барысында дінаралық диалог, толеранттылық және бейбітшілік саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Төзімділік пен бейбітшілік жөніндегі Жаһандық кеңес Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықтық Қоры (ЮНФПА), Мальта Үкіметі мен Ғаламдық кеңестің қатысуымен Мальтада 2017 жылдың 2 қарашасында құрылды.
   Төзімділік пен бейбітшілік жөніндегі жаһандық кеңес өз қызметінде төзімділік пен бейбітшілік мәдениетін нығайтуға, кемсітушілікке қарсы тұруға және бейбітшілікке төзімділік принциптерін нығайту мақсатында халықаралық құқық нормаларын жетілдіруге ұмтылады.
   Кездесу барысында Орталық директоры А.П. Әбуов Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2006 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлрінің ІІ съезі аясында Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы құрылғандығын атап өтті.
   Орталықтың қызметі халықаралық деңгейде конфессияаралық келісімі мен дінаралық диалогты нығайтуға, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін ұйымдастыруға және өткізуге, съезд Хатшылығы және Жұмыс тобының отырыстарын өткізудегі Қазақстан Республикасының бірегей тәжірибесін жылжытуға бағытталған. Сондай-ақ, мемлекеттік-конфессионалдық қатынастармен, дінаралық диалогпен және дін мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдардың қызметіне ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету.
   Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар төзімділік пен бейбітшілік саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға өзара қызығушылықтарын танытты.

   Сонымен қатар кездесу барысында Төзімділік пен бейбітшілік жөніндегі Жаһандық Кеңестің президенті Ахмет Мұхаммед әл-Жарван оқу-әдістемелік құралдарды дайындауға және толеранттылық бойынша диалогтық алаңдарды қаржыландыруға көмек көрсету туралы бастама көтерді. Сондай-ақ гранттық оқу мен біліктілікті арттыру туралы келісімге қол жеткізілді.

 

.
Яндекс.Метрика