10 мамыр күні Ақтөбе медресе колледжінің 10 жылдық мерейтойына арналған «Қоғамдық сананы жаңғырту және дәстүрлі рухани білім мәселелері» атты конференция өтті

    Ағымдағы жылдың 10 мамыры күні «Ақтөбе медресе» колледжінің және облыстық ҚМДБ өкілдігінің ұйымдастыруымен «Қоғамдық сананы жаңғырту және дәстүрлі рухани білім мәселелері» тақырыбында конференция Ақтөбе қаласында өтті.
    Конференцияға академик, қоғам қараткері А. Айталы, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ДІК Мәдениетттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры А. Әбуов, ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб-мүфти А. Әділбаев, Евразия ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі К. Тышхан және «Нұр-Мүбәрәк» ислам университетінің проректоры Ш. Керім қатысты. Іс – шара соңында қатысушылар кемел ойларымен бөлісіп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді.
    Орталық директоры А.Абуов өз баяндамасында:
   «Жалпы адамзат тарихында діни сеніммен ғылыми таным қашанда қатар жүрген. Біз бүгінде ғылым мен білім, жаңа технологиялар көзілестірмес қарқынмен дамыған заманда өмір сүрудеміз. Бұл көштен артта қалмаудың бір амалы – әсіредіншілдік, керітартпалық пен жат ағымның жасырын ниетті идеологиясынан арылу.
    Жат ағым идеологиясымен санасы уланған жастарымыз ата дәстүрді, төл тархымызды, мәдениет, өркениет, ғылым мен білімді қажет етпей тәрк ету арқылы қоғамнан оқшауланып, ортағасырлық арттақалушылық күйге түсуде. Салдарынан теріс пиғылды ағымдар дәстүрлі ислам доктринасына, ұлттық ауызбіршілігімізге сұрқиялықпен сына таққысы келіп, қоғамда бүлік тудыруда» – деп атап өтті.
      Конференция соңында «Ақтөбе медресе» колледжінің директоры А. Дәуренбеков қонақтарға алғыс хат пен сыйлықтар тарту етті.

Келелі кездесу Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ-дің тарих факультетінде өз жалғасын тауып, жиналған қонақтарға Досжан Хазіреттің құрметіне жасақталған көрмені тамашалап, университет жанынан ашылған «Дінтану және тарих» кафедрасының қызметімен таныстырды.


.
Яндекс.Метрика