«Хабар» телеарнасында дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қырлары талқыланды

«Хабар» телеарнасында дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қырлары талқыланды
«Хабар» телеарнасындағы «Болашаққа бағдар» бағдарламасының 04 сәуір күні өткен кезекті саны дін мәселесіне арналып, телебағдарламаға белгілі қоғам қайраткері, профессор Амангелді Айталы, Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын, "Мәдениеттер мендіндердің халықаралық орталығының директоры, профессор Айдар Абуов және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы сияқты білікті қоғам қайраткерлері қатысып, еліміздегі діни аxуал және жаңа заң жобасы туралы келелі пікір алмасу болды.
Бағдарлама барысында енгізіліп отырған өзгерістер дін саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталғандығы, Министрлік ұсынған заң жобасы мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдіруге мүмкіндік бере отырып, Қазақстанда діни экстремизм идеяларының таралуына қарсы тиімді іс-қимылды жүргізуге септігі тиетіндігі сөз болды. Сонымен қатар, бағдарлама қонақтары ұзақ мерзімде заңды тиімді іске асыру мемлекет пен қоғамдағы зайырлылық қағидаттарын одан әрі нығайтуға, Қазақстанның діни кеңістігін реттеуге қажетті басқа шараларды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндігі туралы пікірлерімен бөлісті.

.
Яндекс.Метрика