Н. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі талқыланды

Н. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі талқыланды

Елбасының әлеуметтік жаңғыру жолында ұсынған жаңа, ауқымды қадам жасауға бағытталған бес әлеуметтік бастамасы Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығында өткен кездесуде талқыланды. Кездесу Орталық директоры, философия ғылымдарының кандидаты, пофессор Әбуов Айдар Парқұлұлының баяндамасымен басталып, кездесуге арнайы келген қонақтар – «Нұр Отан» партиясының мүшесі, «Нұр ғасыр 2050» Қоғамдық қорының Президенті, заң ғылымдарының кандидаты, терролог Төреқұлов Аян Бауыржанұлы мен Түрік академиясының жетекші сарапшысы Козырев Тимурдың қатысуымен жан-жақты талқылады.                                                                                                                                                                                                                        Қонақтар Елбасының үндеуінде айтылған әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту, шағын несие көлемін көбейту, сондай-ақ елді газбен қамтамасыз ету ісін жалғастыру жөніндегі бастамаларға баса назар аударды. Елбасының үндеуіндегі жаңа әлеуметтік бастамалар қоғамымыздың әлеуметтік бірлігін нығайтуға және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын әрі қарай жақсарта түсуге бағытталғанын атап өтті.


.
Яндекс.Метрика