АСТАНАДА ЕУРАЗИЯ МҰСЫЛМАН ҒҰЛАМАЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

АСТАНАДА ЕУРАЗИЯ МҰСЫЛМАН ҒҰЛАМАЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Еуразия кеңістігіндегі Ислам өркениеті: өткені, бүгіні және болашағы» атты тақырып аясында Еуразия мұсылман ғұламаларының форумы басталды. 

Халықаралық форумға ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Сенат және Мәжіліс депутаттары, зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлерімен бірге Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Әбуов Айдар Парқұлұлыда қатысып қайтты.

Еуразияның 21 елінен 35-тен астам делегат, еліміздің беделді дін ғалымдары мен Ғұламалар кеңесінің мүшелері, жалпы 250-ден астам адам қатысуда.

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелден келген мәртебелі меймандарға құттықтау сәлемін жолдап, форум жұмысына сәттілік тіледі. Өз кезегінде сөз алған ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев әлемдегі діни тұрақтылық пен халықтар арасындағы бірлікті сақтауда дін қызметкерлерінің рөлі үлкен екенін атап өтті.   

Халықаралық форумның мақсаты мен міндеті – жаңа замандағы мұсылман қауымының жауапкершілігі мен өзара түсінігін қалыптастыру, әлемдегі сын-қатерлерге жауап беру, бүгінгі мұсылман үмбетінің діни экстремизм мен терроризмге қарсы иммунитетін арттыру, ортаазиялық тарихи діни мектептің рөлін арттыру, Елбасының «Рухани жаңғыру» бастамасына орай қазақ топырағынан шыққан әлемге танымал діни тұлғалардың еңбегін насихаттау, Еуразия елдерінің ортақ пәтуалар базасын қалыптастыру, Еуразия кеңістігінде діни ықпалдастық пен рухани қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосу, т.б. Бұдан бөлек ол қазіргі сын-қатерлерге тиісті деңгейде қарсы тұру үшін Еуразия халықтарының, Еуразия мұсылмандарының рухани бірігуі тұжырымдамасын әзірлеуді ұсынды. Сонымен қатар, Еуразия мұсылман ғұламалары форумының тұрақты хатшылығын құру керектігі айтылды. Бұл тұрғыда хатшылық Еуразия мұсылмандарының рухани бірігуі тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс органы болмақ.

 


.
Яндекс.Метрика