Берік Арын Euronews телеарнасының өкілдерімен кездесу өткізді

Берік Арын Euronews телеарнасының өкілдерімен кездесу өткізді

14 ақпан күні ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын  тәулік бойы хабар тарататын ақпараттық бағыттағы халықаралық «Euronews» жаңалықтар арнасының өкілдерімен кездесті. Вице-министр Берік Арын «Euronews» арнасының  халықаралық сатылым жөніндегі директоры Кьелл Штайн бастаған делегацияны қабылдады.

Кездесу Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Euronews» медиа-тобы арасында  өзара тиімді ынтымақтастық орнату мақсатында «Euronews» телеарнасының өкілдерімен жұмыс сапары аясында өткізілді.

Вице-министр шетелдік телеарна өкілдерін  Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып,  мемлекеттік органның ақпараттық тұрғыда  шет елдерде де  ашық жұмыс  істеуге мүдделі екендігін атап өтті.  

Б.Арынның айтуынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Euronews арасындағы ынтымақтастық біздің мемлекетіміздің әлемдік қоғамдастықтың алдындағы имиджіне және сонымен бірге телеарнаның рейтингіне де  оң әсерін тигізеді.  

Кездесу барысында Euronews телеарнасының өкілдері өздерінің негізгі ақпараттық өнімдері мен идеяларын таныстырды. Сондай-ақ, халықаралық телеарнаның құрылымындағы соңғы өзгерістер жайлы хабардар етті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастықты кеңейтуге және ақпарат саласында  әріпстестік орнатуға уағдаласты.


.
Яндекс.Метрика