Діни бірлестіктер өкілдері Елбасының халыққа Жолдауын талқылады

Діни бірлестіктер өкілдері Елбасының халыққа Жолдауын талқылады

2018 жылдың 30 қаңтарында Бейбітшілік және келісім сарайында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына қатысты Қазақстанның діни бірлестіктер өкілдерінің Жиыны өтті.

Жиын жұмысының шеңберінде Қазақстан халқына Жолдаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері, атап айтқанда «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері» талқыланды.

Іс-шараға Дін істері комитетінің төрағасы Е.А.Оңғарбаев, Мәдениеттер мен діндердің халақаралық орталығының директоры А.Абуов, сондай-ақ діни бірлестіктердің, атап айтқанда Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының, Қазақстандағы православ шіркеуінің, Қазақстандағы Рим-Католик шіркеуінің, Евангельдік-лютеран шіркеуінің басшылары мен өкілдері қатысты.

Жиын отырысының барысында Төраға қоғамдағы келісімнің сақталуы мен тұрақтылықтың нығаюы ең маңызды принцип екенін атап көрсетті. Оның ішінде, азаматтардың әлеуметтік жағдайы, саяси көзқарасы, этикалық және діни көзқарасы ортақ платформа  болуы тиіс.


.
Яндекс.Метрика