ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ БОЛМЫСЫ

ҚР МСМ ДІК Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы

Талдау жұмысы бөлімінің аға сарапшысы Ескалиев А.Е.

 

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ БОЛМЫСЫ

 Қазіргі таңда саяси-әлеуметтік негізде экстремизм мен терроризм өте күрделі мәселе болып отыр. «Діни экстремизм» ұғымының ғылыми айналымда, сондай-ақ қоғамда, БАҚ-да қолданыла басталғанына көп жылдар өте қойған жоқ. Дінді пайдаланып өз мақсатына жетуді көздеген экстремизм мен терроризм XXI ғасырдың дертіне айналған сияқты. Алайда, бұл ұғымның әлеуметтік патологиялық құбылыс ретінде көптеген ғасырлардан жалғасып келе жатқандығына тарихи-құқықтық негіздер бар. Дүниежүзінің әлеуметтік, мәдени және рухани, саяси, экономикалық мәселелерге әсерін тигізіп отырған діни экстремизм мен терроризмге ұйымшылды түрде жұмылдырыла ат салысып күресуіміз керек. Ақиқатында «діни экстремизм» (латын тілінен – басып жаншу) дінді жамыла отырып белгілі бір мемлекеттің, топтың немесе жеке тұлғаның санасын улау, өз ырқына көндіріп жоспарына сай пайдалану дегенді білдіреді. Арнайы сөздік бойынша «діни экстремизм – басқа діндерді ұстанушы адамдарға төзімсіздік танытып, соған сәйкес қоғамға қарсы, көбінесе құқыққа қайшы, соның ішінде азаматтарға қарсы күш қолдану әрекеттеріне шақыру». Қазіргі кезде аталған ұғым тек өзекті тақырыпқа ғана айнала қалған жоқ. Ол өз кезегінде көптеген елдерге өзіндік қауіп-қатерін төнідіріп келеді.

Экстремизмнің діни экстремизммен қатар этникалық экстремизм, саяси экстремизм деген түсініктері бар. Жалпы экстремизмнің субъектісі ұлттық, қоғамдық, діни, саяси партиялар мен жеке тұлғалар, топтар, қозғалыстар болып саналады. Діни экстремизм – дін атынан күш қолдану, билікте төңкеріс жасау, мемлекеттін егемендігіне, тұтастығына нұқсан келтіру, жалпы теріс көзқарас пен іс-әрекет болып табылады. Экстремизмнің басты себептерінің бірі саяси құрылымдардың өзгеруі, әлеуметтік-экономикалық дағдарыс, халықтың басым көпшілігінің жағдайының төмендігі, оппозицияның күшеюі, белгілі бір теріс діни топтың өз мақсатын тез жүзеге асыру болып табылады.

Терроризм дегеніміз – мемлекетке, мемлекеттік органдарға, халықтың нақты топтарына тұлғаның немесе ұйымдасқан топтың елдегі саяси мақсатты сылтауратып өз мақсатына жетудегі саналы түрде күш көрсету іс-әрекеті.

Өткен 2012 жылдың 14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Стратегиясы «қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жариялаған болатын. Аталмыш Жолдаудың «Жаңа Қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізі» атты 7-тарауының 6-бөлімі «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық дін» деп аталады. Ол жерде «Мемлекет пен азаматтар радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен бой көрсетулеріне қарсы біртұтас шеп құруға тиіс» деп жазылған. Бұл тұжырымның өзі мемлекеттің қоғаммен, оның ішінде азаматтармен бірге аталмыш құбылыстарға қарсы күресу үшін шеп құрылатындығын айқындап берді.

Жолдаудың дінге қатысты ең маңызды тұсы – Елбасы Үкіметке Әкімшілікпен бірлесіп, «Діни экстремизммен және терроризммен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама» дайындауды тапсырды. Шынында бұл мәселелерді аса мұқияттылықпен ой елегінен өткізіп, нақты айтқанда, зиялы қауым, ғалымдар, қоғам және азаматтар болып атсалысу нәтижесінде қол жеткізуге болады.

Сонымен, Елбасымыздың Жолдауына бүкіл Қазақстан Республикасының азаматтары тиісінше қолдау көрсеткені жөн. Оның ішінде, Қазақстан Республикасының үкіметі құқық қорғау органдары, мемлекеттік органдар, сонымен бірге қоғамдағы саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар және азаматтарды үйлестіре отырып, тиісті іс-шаралар қабылдаған дұрыс.

Діни экстремизм және терроризм күрделі мәселе, оларға қарсы тұрудың жолдарын пайдалана отырып, қосымша – олар туралы дұрыс ашып көрсететін бейнероликтер, баспалар, фильмдер, әсіресе қазіргі таңда жастар көп қолданатын ғаламтор беттеріне теріс ағымдар туралы көптеп материалдар шығару керек. Діннің aтын жaмылғaн жaғымcыз құбылыcтapға қapcы күреcу әрқайсысымыздың міндетіміз деп білуіміз керек.

 

Дереккөз: http://el.kz/blogs/entry/діни-экстремизм-мен-терроризмнің-мәні-және-болмысы&sa=u&ved=0cbmqfjaaahukewj7oqvb3pjhahuhmnikhfubbei&usg=afqjcngt2u8p7q2lwzgl1c0g7fasy-us8w

.
Яндекс.Метрика