ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ДІНИ ЭКСТРЕМИЗММЕН БАСТЫ КҮРЕС

Төлеу Ғ., Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы,

Аналитика жұмыс бөлімінің аға сарапшы қызметкері

 

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ДІНИ ЭКСТРЕМИЗММЕН БАСТЫ КҮРЕС

 

Тәуелсіздігімізді алған алғашқы жылдары қоғам өмірінде діннің рөлі ерекше мәнге ие болды. Діннің мәртебесі мен беделі  көтеріліп, дінге сенушілердің саны арта бастады. Сонымен қатар діни терроризм мен экстремизмге үгіттейтін күштер мен көптеген жат ағымдардың да қаптап кеткені белгілі. Жетпіс жыл атеистік қоғамда өмір сүріп, енді ғана бойын тіктеген қазақ жеріне дәстүрлі емес діни ағымдардың саңырауқұлақша қаптап кетуінің  бірнеше факторлары бар.

15 қаңтар 1992 жылы алғаш рет қабылданған «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы»  сонымен қатар 1995 жылғы қабылданған заңдағы «Әркімнің ар-ұждан бостандығына құқығы бар», әр адамның қай дінге,қандай партияға, қай ұлтқа, жататынын көрсетуге иә болмаса көрсетпеуге заң бойынша құқығы бар екендігі нақты айтылған болатын. Өкінішке орай осы қабылданған заңнан кейін әр түрлі керағар діни ағымдар елімізде пайда бола бастады. Олардың арасында шетелдік миссионерлер де жетерлік. Бұған қоса діни білім аламыз деген қазақ жастары мұсылман мемлекеттеріне ағылып кете бастады ол кездегі шетелдік діни оқу орындарының қандай бағытта білім беретіндігі ескерілмеді. Бұл уақытта мұсылмандықты қатаң ұстанатын мемлекеттерде діни алауыздық қатты және аяусыз түрде жүріп жатты деуге болады. Осындай елдерден діни білім алған қазақ жастары Қазақстан азаматтарының діни ұстанымдарынан өзгеше дәстүрлі емес діни бағыттарға кетіп қалды. Бұл өз кезегінде ел ішіндегі тыныштықтың, тұрақтылықтың, діни алауыздықтың  бұзылуына алып келді.

Бүгінгі таңда барлық мемлекеттерде діни экстримизм мен терроризмге қарсы күрес белсенді түрде жүріп жатыр. Қазақ жерінде дін атын жамылған соның ішінде ислам дінін бүркеленген діни ағымдардың алдын алу кезек күттірмеитін мәселеге айналып отыр.

Ал қазіргі ислам атын жамылып келіп жатқан діни ағымдардың негізгі көздеген мақсаты еліміздің тыныштығын бұзу, тұрақтылығымызға ірткі салу мұндай ағымдардың жетегінде жүрген, кіріп кетіп жатқандары да қаншама. Жастардың дәстүрлі емес діни ағымдардың шырмауында кетуінің үш  негізгі себептерін атап көрсетуге болады.

Біріншіден, жалпы қоғамда діни сауаттылықтың төмен болуы.

Екіншіден,әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды материялдық тұрғыдан қамтамасыз етеміз деп қызықтыру арқылы қатарларына қосып жатқанын байқаймыз.

Үшіншіден, шетелдік миссионерлердің өз қызыметтерін жоғары деңгейде жүргізуінде болып отыр.

Әлемдік және дәстүрлі діндердің қайсы бірін алып қарасақта, барлығы жақсы қасиеттер мен адамгершілікке  тәрбиелеу. Ислам дінінде адамгершілік пен сабырлылыққа үйрететін Құран аяттары мен хадистерде жетерлік. Ислам дінінің өзі бейбітшілік деген мағынаны білдіреді. Өкінішке орай бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдарынан және интернет ресурстарынан көретініміз тек лаңкестік оқиғалар мен дінді кері бұрмалаушылық болып отыр. Ислам дініне экстремизм немесе терроризм деген ұғымдардың жат екендігі белгілі. Ал қазіргі қоғамдағы ислам атын жамылып келіп жатқан діни ағымдардың махсаттары мүлдем басқа. Бұл діни ағымдардың астарында еліміздің тыныштығын бұзу, дін аралық алауыздық тудыру сияқты саясиланған мүдде жатыр.

Осы жағдайларға байланысты Қазақстар Республикасының Үкіметі 2011 жылы 11 қаңтарда «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң қабылданды, жалпы діни мәселелерге қатысты жұмыстарды «Дін істері агенттігі» реттейтін болды. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде Қазақстан өңірінде тіркелген 46 конфессия 4551 діни бірлестіктер анықталған болса, 2014 жылдың маусымындағы мәліметтерге сәйкес 18 конфессия 3481 діни бірлестіктерге азайған.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV сессиясында сөйлеген сөзінде «Қазақстанда діндердің заңнамалық теңдігі мен үнқатысуы қағидаттары мызғымайды. Сонымен қатар мемлекет жалған-діни бірлестіктердің қызметіне қарсы тұратын болады. Мұнда еліміздегі барлық діни бірлестіктердің белсенді ұстанымы қажет етіледі» деп атап көрсеткен.

Бұған дәлел ретінде Дін істері комитеті қазақ қоғамында саңырау құлақша қаптап кеткен діни ағымдар мен бірлестіктерді тіркеуден қайта өткізу туралы шешім шығарды.

Дегенмен, көп ұлтты Қазақстандағы бүгінгі діни жағдай маңызды мәселе екенін жасырмаймыз. Сондай-ақ үнемі сандық және сапалық өзгерістерге ұшырап отырады.

Қазіргі таңда көптеген мемлекеттерде діни экстремизммен күрес белсенді түрде жүріп жатқаны белгілі, осыны секере отырып біздің елемізде  дін атын жамылған ағымдардың алдын алу шаралары қолға алынуда. Қоғамды осындай теріс пиғылды дін ағымдардан сақтандырудың бірден-бір құралы діни сауаттылықты жақсарту болып отыр. Бүгінгі таңда бұл мақсатта көптеген жұмыстар атқарылып жатқаны мәлім.

Елімізде он бес діни оқу орыны бар. Олардың екеуі христиан бағытында, он үші ислам діні бағытында. Бастапқы курстар мен діни мектептердің саны төр жүзге жуықтайды. Бүгінгі таңда Республикамыздың көптеген жоғары оқу орындарында дінтану мамандығы дайындалып, басқа мамандықтарға дінтану пәні оқытылады. Сондай-ақ барлық мектептердің 9-сыныптарында дінтану пәні арнайы оқытылады бұл жастардың діни сауат ашуымен қатар теріс ағымдардың жетегінде кетпеуінің басты құралы.

Coнымeн қатар, еліміздегі діни жағдайдың алдын алу мен діни сауаттылықты арттыру мақсатында және, діни тeррoризм мeн экcтремизмнің aлдын aлуғa дін мәсeлелeрі жөніндeгі aқпaраттық-нaсихaттық тoптaры құрылды. АНТ құрaмынa дінтaнушылaр, теoлoгтар, психoлгтaр, зaңгeрлeр, жәнe жeргілікті aтқaрушы oргандaрдың қызмeткeрлeрі енді.

Ислaм дінінe жaт aғымдaрдың aлдын aлу мaқсaтындa ҚР Дін істeрі кoмитeтінің ұйтқысымен 2013 жылы діни жағдайлар бoйыншa aқпaрaттaрды қaбылдaу мeн халыққа түсіндіу кеңесін беру Oртaлығы құрылды. Осының негізінде тәулік бoйы арнайы қызмeт көрсeтетін – «Қaуырт жeлі - 114» қызмeті ұйымдacтырылды. Қaуырт жeлінің негізгі  қызымeті жалпы aзaматтaрды дін мәceлесі бoйыншa  тәулік бoйы тeгін ақпaрaттандыру мeн қaтар дін caласындaғы зaңдaрдың бұзылуы турaлы мәлімeттeрді жинaқтау мeн oлaрды құқық қoрғау oргoндарынa жoлдaу.

Сoндай-ақ, 2013 жылы қоғамға дәcтүрлі иcлaм нeгіздeрін түcіндіру мeн қoғaмды жaт aғымдaрдaн сaқтaндыру алдын алу мaқcaтындa «E-islam» Интeрнeт-пoртaлы құрылды.

Қазіргі ақпараттың жеттік дамыған уақытында ақпараттық ресурстарды қолданып осы мәселе жөнінде ғылыми танымдық әдістемелер жасау, елдегі болып жатқан діни мәселелердің себептерін ашып көрсетіп, халықты дұрыс мәліментпен  қамтамасыз ете алсақ өз жемісін берері сөзсіз. Сонда ғана еліміз өркендеп, сауатты азаматтарымыз көбейіп, мемлекетімізді теріс діни ағымдардан сақтап қаламыз. Сондықтан қазіргі қоғам халықтың діни сауатты болғанын талап етеді. Бізге діни сауат ауадай қажет екенін түсінетін кез келді.

 

Дереккөз: http://yvision.kz/post/470385

.
Яндекс.Метрика