Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің ғаламдық маңызы

Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген 11 қыркүйектегі «өркениеттер қақтығысы» деп аталған сойқан лаңкестік әрекеттен кейін Әлемдік және дәстүрлі діндер форумын өткізуді ұсынуының өзі – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың көреген саясаткерлігін байқатады.

Съездің негізгі тұжырымдық ойы – діндер келіссөзін конфессияаралық және ұлтаралық қатынастардағы зорлық пен терроризм әдістеріне қарсы қою.

Съездің мақсаты – әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының басын қосатын, дін келіссөзін жүзеге асыратын және келісілген шешімдерді іске асырып, тұрақты әрекет ететін халықаралық конфессияаралық институт құру.

Ерекше және есте қаларлық оқиға ретінде форум бүкіл әлем адамдарының бейбіт және ынтымақты өмір сүруі алдында түрлі дін өкілдерінің татулығы мен бірігу идеясының өзектілігін, оны іске асыру қажеттігін тағы бір көрсетті.

Съезд идеясын К.Аннан, Дж.Буш, М.Тэтчер, Цзянь Цземинь, Н.Манделла, Ж.д’Эстен секілді беделді саясаткерлері қолдады.

І Съездің негізгі жеңісі – 3 жылда 1 рет дінаралық форум өткізу туралы шешімнің бекітілуі.

Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІ Съезін де Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласында ұйымдастыру туралы шешім қабылданды, сондай-ақ Съезд Хатшылығын құруға байланысты барлық аспектілерді әзірлеу тапсырылды.

2006 жылғы 12-13 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың төрағалық етуімен әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІ Съезі өтті. Съезд жаңа, арнайы форум өткізу үшін салынған «Бейбітшілік және келісім сарайында» «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» жалпы тақырыбымен өтті.

Форумның бірінші күні «Дінаралық келіссөз қағидаттары» қабылданды.

Съезде сөз сөйлегендер өз баяндамаларында Қазақстан Республикасының атына, оның Президентіне конфессияаралық және ұлтаралық қатынастардағы зорлық пен террордың қарсы қойылатын Дін форумын ұйымдастырғаны үшін алғыстарын айтты.

Съезд қорытындысы бойынша қақтығыстар тудырмауға шақыратын бірлескен Декларация қабылданды. Бұл құжатта «өркениеттер қақтығысуын» «өркениеттер тоғысуына» алмастырудың жаһандық қажеттілігі көрініс тапты.

Форумға қатысушылардың келісімі бойынша әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің келесі ІІІ Съезін де 2009 жылы Астана қаласында өткізу туралы шешім бірауыздан қабылданды.

Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІІ Съезі қабылданған шешімге орай 2009 жылы 1-2 шілдеде Астана қаласында өткізілді.

Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІV Съезі де Астана қаласында 2012 жылдың 30-31 мамыр күндері Астана қаласында өткені белгілі.

Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІV Съезін ашарда сөйлеген сөзінде Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев: «Алғашқы Съездер діндер «қақтығысы» қатеріне жауап ретінде және дінді халықаралық терроризм мен экстремизмнің қатерлі мақсатына қарсы қолдану үшін ұйымдастырылды.

Үшінші Съезд ең күшті әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс қызып тұрған шақта өтті.

…биылғы форумды да бүкіл әлем үшін бетбұрысты кезеңде өткізіп отырмыз. Әлемдік тәртіптің жаһандық трансформациясы басталды»,– деп әлемдік маңызы бар бұл Форумның ғаламдық мәніне тоқталған болатын.

Қабылданған дінаралық сұхбат қағидаларына негізделген Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерініңкезекті V Съезі де биыл 10-11 маусымда Астанамызда өткелі отыр.

С.А. Дуанаева

ҚР МСМ ДІК Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы

 

БАҚ-қа мониторинг бөлімінің басшысы филол.ғ.к.,

.
Яндекс.Метрика