«Ықпалдастық рөлі жоғары»

Жуырда Дін істері агенттігі мен Білім және ғылым ми­нис­трлігі бірлесіп ұйымдастыратын Қазақ­стан дін­та­нушыларының екінші форумы өт­келі отыр.

Бүгінде Қазақстан дінтану­шы­ла­рының бірінші форумы өт­ке­ніне бір жыл болады. Осы мерзім ішін­де еліміздің дін саласында көпте­ген іс-шаралар атқа­рылды. 2012 жыл­дың 30-31 мамыр ара­лығын­да Әлем­дік және дәстүрлі діндер көш­басшы­лары­ның IV съезі өтті.

Съездің басты тақырыбы – «Бей­бітшілік пен келісім адамзат таңдауы». Съездің аясында қазір­гі уақыттағы өзекті мәселелер бойынша секциялық пікірталас­тар өтті. Олардың ішінде: дін және мультикультурализм; тұрақ­ты да­муға қол жеткізудегі дін көш­бас­шыларының рөлі; дін жә­не әйел: рухани құн­дылықтар мен қазіргі сын-тегеу­ріндер; дін және жастар.

Әлемнің жетекші конфес­сия­ла­ры­ның өкілдері енген Дін же­текші­лері кеңесінің құрылуы жә­не ке­ңестің алғашқы отыры­сы­ның өткі­зілуі, IV съездің маңыз­ды жаңалы­ғына айналды. Сонымен қатар, съез­де Президент Н.Ә.Назарбаев әлемдік өзара қа­тынастардың жаңа пішіні «G-GLOBAL-ды» ұсынды.

Үстіміздегі жылы 6-шілдеде Қазақстан Президенті Н.­Ә.На­зар­баев­­тың қатысуымен «Әзірет Сұл­тан» жаңа мешітінің ашылу салтанаты өтті. 2011 жылы қа­былдан­ған «Діни қызмет және діни бір­лес­тік­тер туралы» Заң миссио­нерлік қыз­мет­тің бақы­лау­сыздығы мен жаңа діни ұй­ым­дардың заңға қайшы қимыл­да­рының алдын алу сияқты мақ­сат­тар мен міндеттерді алға қо­йып, діни бірлестіктерді тіркеу жә­не қайта тіркеу жұ­мыс­тарын жүр­гізді.

Мемлекет тарапынан жүргі­зіл­­ген осындай іс-шараларға, елі­мізде және әлемдегі орын алған күрделі діни ахуал себеп болды. Діни бір­лестіктерді тіркеу және қайта тір­кеу нәтижесінде елдегі жаңа діни ұйымдардың келеңсіз орын алуына нүкте қойды. Қазан айының 25-күні аяқталған аталмыш үдеріс нәти­же­сінде елімізде 17 конфессия өкіл­де­рінен құрал­ған 3088 діни бірлестік пен олар­дың филиалдары қалды.

Жаңа заңның жүзеге асырылуымен еліміздегі діни ахуал бір­шама тұрақталды. Ал әлемде діни ахуал­дың күрделене түскені бел­гілі. Мысалы, Кувейт, Иордания, Оман, Алжир, Катар сияқты араб елдерінің жетекшілері бі­рінен соң бірі өздері­нің реформаларын жүргізіп жатса, Египет, Ливия, Тунисте үкімет құ­ла­ты­лып немесе қызметтен босатылды, радикалды исламистердің ұс­таным­да­ры күн санап күшеюде.

Осы орайда, өткелі отырған форум бүгінгі таңда заманауи қа­сі­рет­ке айналып отырған лаңкес­тік, экстремизм мен радикализм мәселеле­рін шешу, елімізде орын алмауы үшін алдын алу шараларын жүзеге асыру секілді ауқым­ды және өзекті мәселелерін қолға алады.

Дінтанушылар мен теолог­тар­­дың отандық ғылыми қауым­дас­ты­ғын лаңкестік пен экстремизмге қар­сы тиімді сақтандыру шараларын бірлесе отырып да­йын­дауға тарту және осы тұр­ғыда тео­ло­гия­лық және дінта­нулық білім берудің сапасын көтерудің жаңашыл жолдарын айқындау – форумның алғы­шарттарының бі­рі. Сонымен қатар, лаңкестік пен экстре­мизм­ге қарсы идеология­лық қағидаттарды және өзге де тұ­жырымдамалық негіздер­ді дайындауда ғылыми әдісті қа­лып­тастырып, діни-саяси лаңкестік пен экстремизмнен сақтандыру жә­не олардың алдын алу бойынша әлемдік тәжірибені жинақтау қа­жет­тілігі артуда.

Жас ұрпақтың өзге дін өкіл­де­ріне деген діни төзімділік пен толе­ранттылық көзқарастарын қа­лып­тас­тырудың шарттары мен тәсіл­де­рін, діни экстремизмді ал­дын алу­дағы азаматтық институт­тардың ор­нын және атқаратын қызметін, радикализм, лаңкестік және экстремизм идеяларынан сақтандыруда дәстүрлі исламның тарихи маңы­зын, рөлі мен орнын айқындау жос­парланған форум­ның негізгі мақ­саты болып табылады.

Діннің маңыздылығы күннен-күнге артуда. 2012 жылы елімізде діни тақырыптарға байланысты ал­да­ғы форумның өзектілігін көрсе­тетін көптеген іс-шаралар іске асты. Дөңгелек үстелдер мен отан­дық және халықаралық конференциялар өткізілді. Олардың арасында 2012 жылғы 12-қазанда Алматы қаласында өткен діни бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар өкіл­дері, халықаралық сарапшылар, Парламент депутаттары, мемлекет­тік органдар және дипломатиялық корпус өкілдері, сондай-ақ, Қазақ­стан­ның танымал дінтанушы ға­лым­дарының қатысуы­мен, Дін істері агенттігі Аста­надағы ЕҚЫҰ Орта­лығы және БҰҰ Жоғарғы комиссары басқар­масының адам құқық­тары жөнін­дегі Орталық Азия бойынша ай­мақтық бөлімшесімен бір­лесіп,  «Ді­ни қызмет және діни бірлес­тіктер туралы» Қазақстан Рес­публикасының Заңын жүзеге асыру мәселелеріне арналған дөң­ге­лек үстелін атап айтуға болады.

Сонымен қатар, 10-11 қазанда Алматы қаласында «Конфессия­аралық үнқатысуды нығайтудағы Қазақстан тәжірибесін насихат­таудағы БАҚ рөлі» тақырыбымен журналистерге арналған екі күн­дік біліктілікке баулу семинары болып өтті. Бұл семинарда Мә­дениеттер мен діндердің халық­аралық орталығының қызметкер­лерінің бірлесіп дайындаған діни терминдер мен ұғымдар анық­тамалығының таныстыру рәсімі өткізіліп, БАҚ қызметкерлерінің дін саласындағы көкейтесті мә­селелеріне нақты жауаптар бе­рілді.

Өткен жылы жүзеге асқан Дін­танушылардың бірінші Форумында дін саласында көптеген мәсе­лелер талқыға салынып, маңызды қарар­лар қабылданды. Форумның қоры­тын­дысы бойынша, Қазақ­стан Республикасы Парламент Сенатының депутаты, философия ғылымдары­ның докторы, профессор, Ұлттық ғылым академия­сы­ның академигі Ғари­фолла Есім­­нің төрағалық етуі­мен «Қа­зақстан дінтанушылар кон­гресі» қоғам­дық бірлестігі құ­рыл­ды.

Екінші форум да өнегелі бас­та­маның жалғасы ретінде, өз қа­ты­­су­шыларының инновация­лық идея­­ларымен жетіле түседі. Форум жұмы­сы төрт секция бойынша өзекті мәсе­лелерді талқы­ламақ.

Бірінші секция «Діни сауат­ты­лық – қоғам қауіпсіздігінің ке­пілі» атты тақырыпты қамтиды. Діни са­уаттылық тақырыбы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу маңызды компоненті болып табылады. Халқымыздың ді­ни сауатты­лығы деңгейін көтеру арқылы қазіргі таңда қаптаған жалған діни идеологиялар мен деструктивті ағым­дардың қарма­уына түсіп қалу­дан сақтандыра аламыз. Қазіргі таң­да жоғары жә­не орта білім беру оқу орында­рындағы дінтану пәнін оқытудың маңыздылығы да артуда. Бұл тұрғыда еліміздегі білікті ма­ман­дардың тұжырымдамалары ал­дағы форумда баяндалады.

«Діни экстремизмнің алдын алу­дағы қоғамдық институттар­дың рө­лі» атты тақырыпты қам­титын екін­ші секцияда еліміздегі және әлем­дегі ұйымдардың рөлі баса назарға алынды. Діни экс­тремизмді алдын алуды ұйым­дастырудағы мемлекет­тік органдар мен үкімет­тік емес ұйым­дардың шаралары мен дін сала­сындағы мемлекеттік саясаттың маңыздылығы қарасты­рылады.

Мемлекетіміздің діни өмірінде Ислам діні маңызды орынға ие. Қа­зақстан халқының 70 пайыздан астамын мұсыл­ман­дар құрайды. Сон­дық­тан, еліміз исламның ханафи бағытындағы халықтың мәде­ние­тiнiң дамуы мен рухани өмi­рiн­дегi тарихи рөлiн таниды. Бү­гінгі таңда әлем­де орын алып отыр­ған экстре­мистік және лаң­кестік әре­кет­тер ислам дінін жамылуда. Осы себепті үшінші секцияны «Қазақ­стандағы діни экс­ремизмнің алдын алудағы дәс­түрлі исламның рө­лі» атты тақы­рыпта өткізілуін жос­пар­ладық.

Өткен жылғы бірінші форумда үш секция бойынша жұмыс жа­салған. Осы жылғы екінші фо­рум­ның ерекшелігі төрт секция бойынша тақырыптар аясы мен бүгінгі күні орын алып отырған өзекті мәселелердің барлығын қамту аясында «Кеңес беру және сауықтыру  орталықтарының   де­с­т­рук­тивті діни ұйымдардың қо­ғамдағы ықпалдарының алдын алудағы рөлі» тақырыбы бекі­тілді.

Бұл секцияда егемендіктің қуа­нышымен мемлекетімізде елеу­сіз қалған дін саясатының осал тұстарын өз мүддесіне пай­даланған деструктивті діни ұй­ым­­дар мен радикалды ағымдар­дың жетегінде кеткен қандас­тарымыз­дың, қалыпты өмірге қайта оралуына жәрдемдесетін орындар­дың қызметтері мен мүдделері кеңінен танытылады. Осындай ұйымдардың қоғамда алар ма­ңыздылығы айтылады. Сонымен қатар, кеңес беру және сауықтыру орталықтары маман­да­рының тә­жірибесі мен пікір­лері, бола­шақта халқымыздың деструктивті діни ағымдардың жалған уағыз­дарына алданбауы үшін қажетті мағлұматтар бере­тініне сенім­діміз.

Қазақстан дінтанушыла­ры­ның екінші форумы дін саласын­дағы мем­лекеттік саясаттың одан әрі даму жолында, діни бірлес­тіктер мен мемлекет арасындағы ықпал­дас­тықтың берік орнауына жол ашады. Діни сауаттылықты көтеру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын жүзеге асыру секілді мә­селелерде жаңашыл пі­кір­лер мен ұсыныстар форумның маңызды­лы­ғын арттырып, өз жемі­сін береді деген үміттеміз.

Айдар Әбуов, Дін істері агенттігі Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры, профессор. 

http://www.egemen.kz/2012/11/13/349862/

.
Яндекс.Метрика