Маңызды съезд

Тұңғыш рет Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде Астанада өткен І съездің тұжырымдық ойы және дауларды шешу құралы ретіндегі діндер келіссөзі конфессияаралық және ұлтаралық қатынастардағы зорлық пен терроризм әдістеріне қарсы қойылды.

І съездің мақсаты әлемдік және дәстүрлі дін нысандарында жалпы адами бейіндерді іздестіруге, дін келіссөзін жүзеге асыру және келісілген шешімдер қабылдау үшін үнемі әрекет ететін халықаралық конфессияаралық институтын құруға негізделген болатын. Форумға қатысушылар арасында қазіргі әлемдегі діннің рөлі және кез келген діннің негізгі адамгершілік құндылықтарының жалпы адамзаттық сипаты туралы ашық пікір алысуға қол жеткізілді.

2006 жылы 12-13 қыркүйекте Ас-тана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың төрағалық етуімен әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ съезі «Бейбітшілік және келісім сарайында» өтті.

II съез «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» жалпы тақырыбымен, «Діни сенім еркіндігі және өзге дін өкілдеріне құрмет» және «Дін лидерлерінің халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі» деген екі бағытта жұмыс жасалып, қатысушылар барлық дін және этникалық топтар өкілдерін мәдени және діни айырмашылықтар негізінде қақтығыстар тудырмауға шақыратын бірлескен декларацияны қабылдады. Бұл құжатта «қақтығыстар идеологиясын», «әлем мәдениетіне» алмастырудың жаһандық қажеттігі көрініс тапты.

ІІІ съез жұмысын үйлестіру үшін, мәдениеттер мен діндер арасындағы диалогты ілгерілетуді көздейтін басқа да форумдар және халықаралық ұйымдармен әрекеттестік пен ынтымақты кеңейту ниетімен Президент Н.Назарбаев діни лидерлер кеңесін құруды ұсынды.

Съездің бірінші күні «Өзара құрмет пен ынтымақтастық және толеранттылық негізіндегі әлемді құрудағы діни көшбасшылардың рөлі» тақырыбы аясында отырыс өтті. Ал келесі күні іс-шара «Моральдық және діни құндылықтар», «Сұхбат және ынтымақтастық», «Пікірлестік әсіресе, дағдарыс кезіндегі пікірлестік» атты үш бөлім бойынша жалғасты. Форум қорытындысы бойынша әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ Съезінің айтулы оқиғасы ІІІ Съез қатысушыларының Үндеуі қабылдануы болып табылады.

2012 жылдың 30-31 мамырында Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV съезі «Бейбітшілік пен келісім - адамзат таңдауы» тақырыбында өткен форумға 40 елден барлық әлемдік және дәстүрлі діндерге, сондай-ақ беделді діни және халықаралық ұйымдарға қатысы бар 87 делегация атсалысты.

IV съез аясында Форум институттарының қалыптасуы жалғасты. Атап айтқанда, үйлестіруші орган – Діни лидерлер кеңесі құрылып, оның құрамына дәстүрлі діндердің жетекшілері мен көрнекті өкіл-дері енді. Діни лидерлер кеңесінің мүшелері елордадағы «Мәңгілік ел» даңқ қақпасының маңында «Рухани жарасым» аллеясын ашып, оған көшеттер отырғызды.

Шын мәнінде, осыған дейін өткен төрт съез әртүрлі діндер мен мәдениет-терге негізделген өркениеттер мен қоғамдар қайткенде де бір-бірімен қақтығыспай қоймайды деген идеяның негізсіз екенін дәлелдеді. Мінеки алғашқы съез өткеннен кейінгі он жылдан бері Астанада болған барлық дінаралық форумға қатысқан діни жетекшілер диалог, өзара түсінік пен құрметтің барлық мәдени-діни қауымдар мен ұлттардың жарастығы мен қауіпсіздігін, берекесі мен өзара бейбіт тіршілігін қамтамасыз ете алатын планетамыздағы тегеурінді күш екенін дүниеге паш етуде. Астанада өткен төрт съездің жұмысына ислам, христиандық, иудаизм, индуизм, буддизм және басқа діндердің жетекшілері мен көрнекті өкілдері қатысты. Съездің сұхбат алаңында діни қауымдар арасындағы рухани жақындасу хақында келелі әңгімелер болды, сондай-ақ әлем азаматтарына, халықтарына және үкіметтеріне арналған үндеулер қабылданды. Бүгінгі сын тегеуріндер мен қауіп-қатерлердің жаһандануы заманында Астана форумы діндер мен өркениеттер арасындағы ғаламдық диалогты ілгерілету саласындағы ізашарлардың бірі болып, өзара түсінік пен құрмет мәдениетінің орнығуына өте үлкен үлес қосты.

Кәмшат ТӨЛЕГЕНОВА, ҚР ДІА Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының талдау бөлімі бойынша аға ғылыми қызметкері.

.
Яндекс.Метрика