Рухани жақындасу жолындағы нық қадам

Елбасының игі бастамалары­ның бірі – Астана қаласында әлем­дік және дәстүрлі діндер көш­басшыларының форумын ша­қыру. Осы ұсыныс негізінде Қазақстан халықаралық құқық субъектілерінің арасында ал­ғашқылардың бірі болып өзі­не жауапкершілік жүктеді. Осы­лайша, 2003 жылы Қазақстан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының алғашқы съезін өткізіп, әлем халықтары арасында рухани жақындасу үдерісін бастап берді. Осы Съезден соң Испания мен Түркияның бірлескен бастамасы бойынша Өркениеттер альянсы форумы, Мекке халықаралық мұсылмандар конференциясы, Мадрид халықаралық форумы және басқа да дінаралық, мәдениетаралық және өркениетаралық келіссөздер мен жиындар өткізіле бастады.

Бейбітшілік пен тұрақтылықты мақсат еткен форумдар ішінде Астана қаласында үш жыл сайын өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері ерекше орын алады. Бұл форумдар арқылы Қазақстан жер-жаһанның түрлі діндері мен конфессиялары өкілдерінің басын қосып, бейбітшілік пен өзара төзімділік қағидаларын насихаттайтындығын олардың өз ауыздарымен айтқызды.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін ұйымдастыру және өткізу арқылы халықтар мен діни көзқарастарды жақындастыруға, сол бойынша бейбітшілік құндылықтарын қалыптастыруға жасаған қадамы үшін әлем қауымдастығы Қазақстанға және оның басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа жоғары баға берді. Бұл – біздің мемлекет үшін абырой әрі биік мәртебе.

Енді қазіргі біздің XXI ғасырда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері әлемге және Қазақстанға не берді дегенге келсек, осы халықаралық деңгейдегі іс-шара дінаралық және өркениетаралық келіссөздерді алға жылжыту бойынша алғашқы саммиттердің бірі болды. Съезд рухани құндылықтардың жаһандық өзара кірігу, адамдар санасында адамзаттық дәстүрлі діндерінің қасиетті идеалдарын насихаттау мен нығайту үдерісінің елеулі қозғалтқыштарының бірегейі бола білді.

Съезд жұмысының жемісті нәтижесі ретінде Астанада Бейбітшілік және келісім сарайының салынуы, Съезд Хатшылығы жұмыс тобының қызметін атқаратын әрі дінаралық және мәдениетаралық үнқатысуды дамытуға бағытталған көптеген халықаралық деңгейдегі іс-шаралардың ұйытқысы болып отырған Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының құрылуы – Қазақстанның өркениетаралық және дінаралық үнқатысу мәселелерін ғаламдық деңгейде талқылауды жалғастыра беруге мүдделі екендігін көрсетеді. Мұның айғағы ретінде Қазақстан ЕҚЫҰ және ИЫҰ-ны «Батыс-Шығыс» үнқатысу алаңын кеңейтуге және әлем елдерінің мемлекет басшылары мен БАҚ-ты осы ортақ іске белсенді қолдау көрсетуге үндеп отыр.

Съездер шеңберінде түрлі діндер мен конфессиялар өкілдері арасында байланыс нығайды, бұл біздің ортақ үйіміз – Жер шарында бейбіт қатар өмір сүру мен үйлесімділіктің басты құраушылары болып табылатын діни қауымдастықтар арасында сенім мен өзара құрметтің артуына көмектесті. Осылайша Қазақстан әлемдік қоғамдастықта құрмет пен қолдауға ие болды.

Берік ҚАУЫС, Дін істері агенттігі Мәдениеттер мен Діндердің халықаралық орталығының аға ғылыми қызметкері.

http://www.egemen.kz/kz/rukhaniyat/27353-rukhani-zha-yndasu-zholynda-y-ny-adam

.
Яндекс.Метрика