Зайырлы мемлекет және дін

Қазіргі заманғы зайырлы мемлекет үлгісінің негізінде адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына байланысты құқықтық мәселелерді теократикалық мемлекеттерден өзгеше түсінік бар. Бұл жердегі ең бастысы – діннің мемлекеттен ажыратылу қағидаты. Осы үлгідегі саяси-құқықтық мағына мынаны білдіреді:

 

-ар-ождан бостандығы – ол тек діни таңдау бостандығы емес, одан кеңірек – дүниетанымдық, соның ішінде діни емес таңдау. Осы таңдау құқығын мемлекет адамға (азаматқа) қалдырады және оның шешімін қабылдауға, оны қорғауға міндеттенеді;

- мемлекет азаматтармен қарым-қатынастарда олардың діни көзқарастарына емес, оның азаматтық-құқықтық жағдайына сүйенеді. Осылайша, азаматтық қағидатты бәрінен де жоғары қояды.

- мемлекет іс жүзінде барлық діндер мен азаматтардың құқықтық теңдігін жүзеге асыруға ұмтылады. Осы қағидат дүниетанымдық бірлік негізінде азаматтармен құрылған қоғамдық бірлестіктерге де таралады.

- діндер (әлеуметтік институттар, көпшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде) мемлекеттік саясатты (діни нанымдарына байланысты емес барлық азаматтарға қатысты саясат) жасау мен жүргізу барысынан аластатылады. «Діни мәселе» саясаттан  қоғамдық өмірге, азаматтардың жеке өмірі салаларына өтеді.

- мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатындағы тұжырымдамалық негіздерде діни-теологиялық қағидаттарға сүйенбейді және олармен басшылық жасамайды.

- мемлекеттік және діни құқықтар бір-бірінен ажыратылады. Қоғамдық-құқықтық  және азаматтық салалардағы мәселелерді шешуде біріншінің үстемдігі жарияланады. Діни құқықтың әрекет ету аясы негізінен діни институтпен шектеледі.

Діни бірлестіктерге мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметтері мен міндеттері жүктелмейді. Мемлекеттік құрылудың зайырлы бейнесі қамтамасыз етіледі.

Діни сенім бостандығы - адамның жеке өзі немесе басқалармен бірге кез келген дінді ұстануға, еркін таңдауға, діни сенімде болуға және тарқатуға, соған сәйкес әрекет етуге құқықты адамның негізгі жеке бостандыктарының бірі. Көп ұлтты елде түрліше конфессиялардың, діни сенімдердің бар болуы, бұл конституциялық норманы ерекше маңызды етіп көрсетеді.

Қазақстан Республикасы әрбiр адамның наным бостандығы құқығын құрметтейтiн демократиялық, зайырлы мемлекет болып табылады, азаматтар діни сеніміне қарамастан тең құқылы, Қазақстан халқының  рухани мұрасымен үйлесетін дiндердiң мәдени және тарихи құндылығын және конфессияаралық келiсiмнiң маңыздылығын, дiни төзiмдiлiктi және азаматтардың дiни нанымдарын құрметтейді.

Елімізде 2011 жылдың 11қазанында қабылданған Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң адам құқықтары туралы халықаралық актiлер мен келiсiмдерде баянды етiлген азаматтардың дiни сенiм бостандығы жөнiндегi құқықтарын iске асыруға кепiлдiк береді.

Аталған Заңда Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретiнде орнықтыратынын, әркiмнiң ар-ождан бостандығы құқығын растайтынын, әркiмнiң дiни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік беретінін, халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өмірінде ханафи бағытындағы исламның және православтық христиандықтың тарихи рөлін танитынын, Қазақстан халқының  діни мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады деп жазылған.

Заңның талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының, сонымен қатар басқа мемлекеттердiң азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар кез келген дiндi еркiн ұстануға немесе ешқайсысын ұстанбауға құқылы, құдайға  құлшылық  жасауға, дiни жоралар мен рәсiмдерге, дiндi оқып-үйренуге қатысуға немесе қатыспауға оларды күштеп мәжбүр етуге жол берiлмейдi.

Өз кезегінде, дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы Заңның сақталуын бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының атқарушы өкiмет органдары, прокуратура және басқа да құқық қорғау органдары заңдарда белгiленген өз құзыретiне сәйкес жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында мемлекеттің зайырлылығын көрсететін мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттеудің бірнеше формалары қалыптасқан немесе мемлекеттің діни қатынастарды бірізділікке түсірудің бірыңғай бағдарламасы қамтамасыз етілген және табысты  түрде іске асырылуда.

 

Пайдаланылғанәдебиет:

 

1. ҚазақстанРеспубликасыныңКонституциясы – Алматы 2009.

Жолаушинова К.О. Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының қызметкері

 

Zonakz.net

.
Яндекс.Метрика