2 тоқсан

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті  Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы жанынан құрылған БАҚ-та діни тақырыпты жариялау бойынша Әдістемелік Кеңестің ІІ отырысы

Астана қаласында ағымдағы жылдың 29 маусымында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істер комитеті Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы жанындағы БАҚ-та діни тақырыпты жариялау бойынша Әдістемелік кеңестің ІІ отырысында төмендегі қос тақырыпты күн тіртібіне арқау етті:

  1. Тұрғындардың радикалды діни ағымдардың теріс идеяларына қарсы иммунитетін қалыптастыру тақырыбына арналған материалдарды БАҚ-та жариялау мәселелерін талқылау;
  2. БАҚ-та діни экстремизм және терроризмге байланысты мәселелерді жариялау бойынша әдістемелік ұсынымдарды талқылау және бекіту;

Кеңеске Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы, Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы өкілдері, .Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтік ғылымдар факультеті Дінтану кафедрасының доценті, филос.ғ.к. Кеңшілік Тышхан, «E-islam.kz» ақпараттық танымдық порталының бас редакторы Жалғас Сандыбаев және «Хазірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Қуат Ерғалиұлы мен ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы қатысты.

  1. Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы директорының орынбасары Ж.Ә.Дәуреновтың «Тұрғындардың радикалды діни ағымдардың теріс идеяларына қарсы иммунитетін қалыптастыру тақырыбына арналған материалдарды БАҚ-та жариялау мәселелері» бойынша нақты деректерге негізделген баяндамасы жасалды.

Ж.Ә.Дауреновтың БАҚ-тың елімізде тұрақтылықты сақтаудағы рөлі, халықтың дін саласындағы ақпараттылығын арттыруда рухани, әлеуетік, саяси идеологияның маңызы және өзекті мәселеге қатысты журналистер пулын құру, сондай-ақ, Әдістемелік Кеңестің құрамына құқық қорғау органдарының өкілдерін қосу керектігі және т.б баяндамада көтерген мәселелері көптің қызығушылығын оятып, Әдістемелік Кеңес мүшелерінің қызу талқылауына түсті.

  1. Осы орайда, ДҒЗТО Исламды зерттеу бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Муслимов Марлен жоғарыда айтылған мәселелерге қатысты өз пікірін Әдістемелік кеңеске идеологиялық сарындағы жаза алатын адамдарды қатыстыруда мемлекеттің барлық әлеуетін пайдалануды, ең алдымен партиялардың әлеуеттерін, партиялардың құрамындағы жастар ұйымдарының әлеуетін пайдалану керектінін жеткізді.
  2. «Е-ислам» ақпараттық танымдық порталының бас редакторы Жалғас Сандыбаев «Ақпарат құралдарында дәлдікке көңіл бөліну керектігін; мемлекеттік органдар тарапынан жүргізілген әлеуметтік, ғылыми жобалардың қорытындыларын бұқара халық арасында көптеп тарату қажеттігі туралы, имамдармен мемлекеттік орган қызметкерлерінің ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында сарапшылардың қолында арнайы жасалған ескертпелерден басқа әдістемелік нұсқаулықтар болу керектігін айтты. Сонымен қатар, сауатымызды ашатын 2-3 күндік семинар тренингтердің көп болуы, ол семинарлардың жергілікті жерлерде өткізілуіне және радикалды идеологияларға бой алдырудың діни сауатсыздық пен дүмшеліктен болатынын нақты деректермен тұжырымдап, осы орайда діни білім беруді жетілдірудің оңтайлы жолдары жөніндегі тұшымды ойларын ұсынды.
  3. Кеңшілік Тышхан: Әдістемелік Кеңес мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарына әдістемелік ұсыныстар дайындау, мақалаларына сараптама жасауға ықпал етуге тырысуы керектігі жайлы айтып өз ұсынысымен бөлісті.

.
Яндекс.Метрика